Сот кабинеті – сот жүйесінің қолжетімділігіне ықпалды

Сот кабинеті – сот жүйесінің қолжетімділігіне ықпалды

Елбасының сот органдары жұмысында жаңа технологияларды қолдану халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен барынша ашықтыққа қол жеткізуді арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдан бастап заманауи технологияларды  сәтті енгізіп, жүзеге асыруда. Мұндай жаңашылдықтың бірі «Сот кабинеті» сервисі болып табылады.

Сот кабинеті – Қазақстан Республикасы сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде кіруге арналған бірыңғай терезе, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған ақпараттық жүйе.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

Жеке және заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режиміне «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ, істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға әкімшілік құқық бұзушылық істерді электронды форматта жолдау мүмкіндігі де қарастырылып отыр.

         Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар.

         Ал, енді техникалық қолдау қызметіне өтінішті рәсімдеу ережелерін айта кетсек, өтініштерді «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің пайдаланушыларын техникалық қолдау қызметіне office@sud.kz мекен жайы бойынша электрондық поштаға жіберу қажет.

         Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталғандығын ескерген жөн.

 

Мұғалжар аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі                                                          

А.Иманбекова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.