Астанада Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты өз жұмысын бастады
Астанада Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ашылды.
Ескерте кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №620 Жарлығымен Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты құрылды.
Жаңадан құрылған соттың негізгі мақсаты қылмыстық процесстің аясына түскен азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудегі сот бақылауы институтын одан әрі жетілдіру болып табылады.
Тергеу соты тергеу органдарының азаматтардың құқықтарын шектейтін іс-әрекеттеріне, қүдікті тұлғаларға қамауда ұстау, үй күзеті, кепілдік анықтау сияқты бұлтартпау шараларына, кейбір жасырын тергеу әрекеттеріне санкция беруді, прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды.
Арыздар мен өтінімдерді жазбаша және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электронды түрде жөнелтуге болады.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Астана қаласы, Сауран 32 көшесі, Блок Амекен-жайы бойынша орналасқан, байланыс телефондары: 55-42-35, 55-42-37.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
12 пікір