Маңғыстауда қылмыстық процестегі өзгерістер талқыланды

Маңғыстауда қылмыстық процестегі өзгерістер талқыланды

Ақтау қалалық сотында Маңғыстау облыстық сотының Оқу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2018 жылғы 12 шiлдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңын сот практикасында қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ержан Қарабаев аталған іс-шараның қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын жақсарту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап айтты.

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі халықаралық құқық принциптеріне негізделген, ал қабылданған Заң қылмыстық процесте азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау деңгейін арттырудың тағы бір қадамы болып табылады, - деді Е.Қарабаев.

Өз кезегінде сөз алған Мәлік Кенжалиев аталған заңның негізгі ережелеріне, оны сот практикасында қолдану тәртіптеріне тоқталды.Енгізілген өзгерістердің негізінде тергеу судьясының сотқа дейінгі өндірістегі өкілеттігі едәуір кеңейтілген, сотқа дейінгі тергеу органдарының құпия тергеу амалдарын жүргізетіні туралы тұлғаға алдын ала міндетті түрде хабарлама беру керектігі айтылған, сонымен бірге осы әрекеттерге шағым келтіру мүмкіндігі, адвокаттардың қорғау ісін атқаруда мүмкіндіктерін кеңейте түсетін қылмыстық процестің жарыспалылығы да артқан.

Өңір судьялары өзара тәжірибе алмасып, құқық қорғау органдары өкілдерінің де пікірлері тыңдалды. Жиынның қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мүлтіксіз орындап, сот практикасында дұрыс қолдану туралы хаттамалық шешім қабылданды.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.