Мұғалжар аудандық соты Мұғалжар аудандық прокуратасымен «Электронды форматта қылмыстық істі қарау жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтізді
Мұғалжар аудандық сотында «Электронды форматта қылмыстық іс жүргізу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев, судьялар, Мұғалжар аудандық прокуратурасының және ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.Өз сөзінде аудандық соттың төрағасы А.Т.Анарбаев электронды қылмыстық істің ерекшелігін атап, сонымен қатар сот жүйесіне енгізіліп жатқан барлық жаңалықтар азаматтардың игіліктеріне, қылмыстық процестің оңтайландыру мен сапасын арттыруға және қағазбастылықтан арылтуға бағытталғанын атап өтті.Шара барысында судья А.Е.Мусина қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу алдын ала тергеп-тексеру мерзімін қысқартып, материалдарды бұрмалау ықтималдығын азайтып, іс құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу мүмкіндігін арттырып, дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды дайындау рәсімін жеңілдететіндігі туралы айтып өтті.
Өз тарапынан Мұғалжар аудандық прократурасыныңөкілі прокурор А.Бакытжанов осы шара барысында көптеген мәліметтермен таныс болғанын және алдағы уақытта әрбір қызметкерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаңа форматтағы қылмыстық істі сотқа жолдайтындарын айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға қылмыстық процесті және құқық қорғау қызметінің басқа да аспектілерін реформалау мәселелеріне қатысты енгізілген өзгерістерді тәжірибесінде қолдану ұсынылды.
[xfvalue_img]