Ашық есік күні өткізілді
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық сот мәжілісінде қорғаушы болып қатысатын қорғаушылардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Шара барысында, сот төрағасы м.а. А.Ш.Жамансариевамен «ҚР тәуелсіздігіне жиырма бес жыл толуына орай рақымшылық» заңының нормалары түсіндіріле отырып, «Сот кабинеті» арқылы құжаттарды жолдау тәртібі және тағы басқа АЖ «Төрелік» бағдарламасы айтылды.
Сот жүйесінің ашықтығы халықтың сот билігіне деген сенімін нығайта отырып, сапалы түрде сот төрелігін жүзеге асыруда және азаматтардың құқықтық сауаттылығы қалыптасып жатқаны туралы шараға қатысушылармен аталып өтілді.
[xfvalue_img]