Электрондық әділеттілік – уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу

Электрондық әділеттілік – уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу

Қазіргі кезде қоғамға сот жүйесінің, яғни барлық мемлекеттік органдардың ашық болуы қолайлы. Соған сәйкес сот жүейсі осы бағытта өте үлкен қадамдар жасауда.  Сот кабинет, электронды түрде істерді қарау, дыбыс,-бейнежазба сияқты бағдарламалар енгізілген.

ҚР ҚПК 347-1-ші бабына сәйкес, сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен түсіру жүзеге асырылмайды.

Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.

Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды.

Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.

Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Аталған жүйе арқылы тараптар іс бойынша сот актілерәмен танысуға және арыздарын ұзын соңар кезексіз жолдай алады. Бұл өз кезегінде сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою үшін септігін тигізеді.

Процеске қатысушы тұлғалар кез келген уақытта өздерінің істері қандай кезеңде екендігін онлайн режімінде көре алады. Басқа тұлғаларға кіруге тыйым салынады. Егер тараптар тергеушінің іс-әрекеттеріне шағымданса, онда прокурор іс-әрекеттерді онлайн режимінде тексере алады. Электронды түрде қарау іспен танысу бойынша тараптарға қолжетімді болады.

Осының барлығы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

 

А.Тайшубекова

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.