Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар
Жаңадан енгізілген «Төрелік», «Дыбыс,- бейнежазба», «Сот кабинеті» сынды бағдарламалар сот жүйесінде орын алған. Соның ішінде көңіл аударатын – аудио,бейнежазба арқылы сот отырысын түсіру.
ҚР ҚПК 347-1-ші бабына сәйкес, сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.
Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен түсіру жүзеге асырылмайды.
Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Сотта жаңа технологияларды қолдану арқылы хат-хабар алмасу да жүезеге асуда. Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.«Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.
Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін: талап арызбен; сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;сот отырысының хаттамасына ескертумен; өтінішпен сотқа жүгіне алады.
Пайдаланушы «Талап арыз беру» сервисін таңдауды жүзеге асырады, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық талап арыз нысанын толтырады: облыс; талап арыз берілетін сот; соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда:
- «төлемеу» деген жолға белгі қойылады;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік баждан босатылған істер санаты/талапкерлер көрсетіледі; мемлекеттік баж сомасы; «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды онлайнмен төлеген жағдайда «онлайн-төлем» жолы толтырылады; арыздың сипаты; істің санаты; даудың жалпы сомасы; процестің тараптары.
Егер бірнеше адам талапкерлер немесе жауапкерлер болса, олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі.Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.Пайдаланушы тиісті файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.«Электронды үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік бажды төлеу электрондық талап арыз нысаны толтырылғаннан кейін жүргізіледі.Талап арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Ибраев
[xfvalue_img]
10 пікір