Тіл байлығы - халықтар достастығының белгісі

Тіл байлығы - халықтар достастығының белгісі

Кез-келген өркениеттің ең басты дамытушы факторы ретінде, сол мекенді-елдің өзіне тән тіл мәдениеті есептеледі. Археологиялық зерттеулердің арқасында  бүгінгі күні елімізде тілдің дамуына әсер еткен тарихи құбылыстар туралы мәлім. Осыған себеп, ертедегі Күлтегін ескерткіші мен алғашқы дала заңдарының жинақтары «Жеті жарғы», «Қасым ханның қысқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» дала халықтарының қарым-қатынасының  жоғары-құқықтық деңгейде дамығанын көрсетті.

Елімізде тарихи жолмен қалыптасқан ұлттардың түр алуандығы мен әрбіреуінің тіліне деген құрметтеушілік Ата заңымызбен кепілдік берілген. Мәселен, ҚР Конституциясының 7-бабына сәйкес  мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар. 

Мемлекетіміздегі ана тілі, яғни мемлекеттік тіл ретінде - қазақ тілі танылады. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына сәйкес елімізде сонымен бірге мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылатыны айқындалған. Осыдан басқа,  елімізде адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың мүддесін қамтамасыз ету мақсатында құқықтық қарым-қатынасты жүзеге асырғанда тілді таңдау еркіндігі мен сөз бостандығы қамтамасыз етіледі. Осыны елдегі құқықтық тұрақтылықтың белгісі ретінде санағанымыз жөн.

Халықтар мен ұлттар достығы жағдайында, мемлекет барша әлемге айқара ашық. Сондықтан еліміздің жастары мен өзге де азаматтары білімін жетілдіру үшін шет елдердің танымал білім ордаларында тәлім алып, басқа қоғамның шешендігін өзге тілмен бірге әкеліп жатыр. Әлемге деген ашық саясат қазақстандықтардың зайырлы, демократиялық мәдениетті өркениет мүшелері ретінде танытуда.

Шет елдердегі азаматтарымыз еліміздің тарихы мен салт-дәстүрлерін, бүгінгі өнер мәдениетін барша әлемге мақтанышпен таратып жатыр. Ал елдегі этнос өкілдері, өз мәдениетін ұмытпай қазақ халқының мәдениетіне құрметтеушілік көрсететіні бәрімізге мәлім. Осылайша, ел азаматтары ұлттар мен халықтар арасындағы достықтың бір шаңырақ астында мүмкін екендігін көрсетеді.

          

Қаду Бибігүл

Астана қ. Есіл ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.