Хаттама - маңызды құжат

Хаттама - маңызды құжат

Әрбір сот отырысы  бойынша  сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының   жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы   Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының  2016 жылғы «5» наурызында №6001-16-7-6/ 89  өкімімен   бекітілген Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесінің талаптарына сай   -   Сот отырысының хатшысы ic қаралып, сот актілері шығарылғаннан кейін мынадай әрекеттерді жасайды -       қылмыстық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Азаматтық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін сот талқылауының хаттамасын үш жұмыс күннен кешіктірмей, ал жеке процессуалдық әрекет туралы хаттаманы - ол жасалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындайды.  Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін.  

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша    Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  820-бабына сай - Бірінші сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізіледі. Егер өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе, хаттаманың жүргізілуі міндетті емес. Хаттама іс қаралған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушылар сот отырысы хаттамасының жасалуының толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде ұсынуға құқылы.    ҚР  ӘҚБтК-нің     820-1-бабына сай- Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.  Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, түсіріп алған жағдайда сот отырысының хатшысы жазбаша түрде қысқаша хаттама жасайды.   Қысқаша хаттаманы судья мен сот отырысының хатшысы істі қараған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей жасайды, қол қояды.   

Хаттама  сот отырысының хатшысымен дайындалады. Хаттама компьютерлік, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда), машинкіде жазу, не қолмен жазу  тәсілімен жасалады. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға еңгізу туралы өтінім жасауға құқылы.   Хаттамаға төрағалық етуші және сот отырысының  хатшы қол қояды.

Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және олардың қол қоюымен куәландырылуға тиіс. Сот іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттамамен танысуға және оған қол қойыған кезден бастап бес күн ішінде хаттамада жіберілген қателіктер мен кемістіктерді көрсете отырып, оған жазбаша түрде ескертпелер бере алады. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап бес күн ішінде қаралуы тиіс. Қазірде, хаттаманың толық жазылуын қамтамасыз ету үшін дыбыс, бейне жазба қолданылуда.

 

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық

сотының бас маманы-сот  отырысының хатшысы     

Г.Ж.Курбанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.