Сот актілерін уақытылы жолдау

Сот актілерін уақытылы жолдау

Сот актілерінің өз уақытысында орындалуы өте маңызды мәселелердің бірі. Өйткені өз уақытында орындалмаған сот актілерініңалып келер зардаптары өте көп. Осыған орай сот актілерінің қай жағдайда және қандай уақытта орындау қажеттілін атап өтейік.

Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу міндетті. Басқа істер бойынша алдын ала тыңдау iстi соттылығы бойынша жiберу, істі прокурорға жіберу, iстi тоқтату, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерді қабылдау, қылмыстық iстердi бiрiктiру және бөліп шығару, сондай-ақ тараптардың өтiнiшхаттарын қарау қажет болған жағдайда өткiзіледi. Iстi алдын ала тыңдауды судья оны өткізу туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәулік ішінде сот отырысында жеке-дара жүргiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы тараптарға уақытылы хабарлауы қажет.

       Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты туралы хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiк өткеннен кейiн және ол қысқартылған тәртіппен қаралатын кезде – оны тағайындау туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей және жалпы тәртіппен қаралатын кезде – он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Айрықша жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен, бiрақ отыз тәулiктен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

       Басты сот талқылауы қисынды мерзімде аяқталуға тиіс. Қысқартылған іс жүргізу кезінде басты сот талқылауы осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігінде белгіленген

Iс бойынша iс жүргiзу, бұл бiрнеше сотталушылардың бiреуiнің қорғалу құқығына немесе басқа да сотталушылардың қорғалу құқықтарына қысым көрсетілмеген жағдайда, олардың біреуіне қатысты тоқтатыла тұруы мүмкiн. Өздеріне қатысты iс жүргiзу тоқтатыла тұрмайтын сотталушылар күзетілуде болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде сотталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi тоқтата тұру үшін негiздер жойылмаса, онда басқа сотталушыларға қатысты iс жүргiзу қайта басталуға және басты сот талқылауының күнi тағайындалуға қажет.

      Егер судья iстiң өзiнің соттылығына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешiмнiң заңдық негiздерiн келтiре отырып және iс жолданатын сотты көрсетіп, iстi соттылығы бойынша жiберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды.

      Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 36-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ басты сот талқылауында мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда тоқтату туралы қаулы шығарады. Судья істi тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып, бұлтартпау шарасын, азаматтық талап қоюды және мүлікті тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының күшін жояды және заттай дәлелдемелер туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi тоқтату туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға және жәбiрленушiге табыс етіледі.

      Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде бұлтартпау шарасы өзгертілсе немесе сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмi өзгертiлсе не прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға, оның қорғаушысына, жәбірленушіге және оның өкіліне судьяның көрсетілген шешімдер жөніндегі қаулысының көшiрмесi және прокурор жасаған айыптаудың жаңаша тұжырымдалуы табыс етіледі.

      Судья өзiнiң қаулысында көрсетiлген адамдарды сот отырысына шақыру туралы өкiм бередi, сондай-ақ сот отырысын дайындау үшiн шаралар қолданады. Қорғау куәлары мен айыптау куәларының сот отырысына келуін қамтамасыз ету тиісті тараптарға жүктелуі мүмкін. Қысқартылған тәртіппен сот талқылауы тағайындалған кезде сот отырысына куәлар шақырылмайды.

      Сот отырысына шақырылған тұлғалардың бiрiнiң келмеуi салдарынан немесе жаңа дәлелдемелерді талап етіп алдыру қажеттiгiне, прокурордың жаңа айыптау актісін жасауына және табыс етуіне немесе медиация рәсімін өткізуге, процестік келісім жасасуға байланысты iстi талқылау мүмкiн болмаған кезде сот iстi талқылауды белгілі бір мерзімге кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарады. Сот сонымен бір мезгілде тараптарға тиісінше айыптау және қорғау куәларының, сондай-ақ өтінішхаттар бойынша сот отырысына шақырылған өзге де тұлғалардың келуін қамтамасыз етуді міндеттеуге құқылы. Қажет болған кезде сот тараптардың өздері өтінішхат мәлімдеген дәлелдемелерді алуына көмек көрсетеді. Сот талқылауы жаңа айыптау актісін жасау қажеттігіне байланысты кейінге қалдырылған кезде сот қорғаушы тараптың істің қосымша материалдарымен танысу құқығын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады және жаңа айыптаудан қорғануға дайындалу үшін жеті тәулікке дейін уақыт береді. Жаңа айыптау актісі сотталушыға, оның қорғаушысына (ол қатысып отырған кезде), жәбірленушіге, заңды өкілге және өкілге табыс етіледі және істің материалдарына қосып тігіледі.

      Басты сот талқылауы кезінде сот отырысының хатшысы хаттама жүргізеді. Хаттама компьютерлік, электрондық (аудио-, бейне түсіруді қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады.

      Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада, егер сотты құрметтемеушілік орын алған болса, оны куәландыратын фактілер және тәртіп бұзушының жеке басы мен соттың тәртіп бұзушыға қатысты қолданған ықпал ету шаралары туралы да көрсетіледі. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiн – бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға, сондай-ақ тұтас хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды. Тараптардың өтінішхаты бойынша хаттаманың дайын болған бөлігі дайын болуына қарай беріледі. Сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында келіспеушiлiк болған кезде, соңғысы өзiнiң қарсылықтарын жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен, оның ішінде, сот отырысының дыбыс-, бейнежазбаларымен бiрге хаттамаға қоса беруге құқылы. Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және олардың онымен және дыбыс-, бейнежазба материалдарымен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге мiндеттi. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және дыбыс-, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазбасымен таныстыру жөнiнде өтiнiшхат беруге құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiшхат мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс. Сот тараптардың немесе осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.

Басты сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейiн бес тәулiк iшiнде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстiң 347-бабының жетiншi бөлiгiнде көрсетiлген өзге адамдар сот отырысының хаттамасымен танысуға, хаттамаға жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы. Сот отырысы хаттамасының көлемі үлкен болған жағдайда, төрағалық етуші тараптардың өтінішхаты бойынша олардың танысуы және ескертулер беруі үшін неғұрлым ұзақ, қисынды мерзім белгілейді.

Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасына ескертулердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол ескерту берген адамдарды нақтылау үшiн шақыртуға құқылы. Ескертулердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру не оларды қабылдамау туралы уәждi қаулы шығарады, бұл шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды, мұнымен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін. Хаттамаға және судьяның қаулысына ескертулер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

Сот органдарында сот актілерін өз уақытында орындауға аса мән береді. Осыған орай сот органдарында қызметкерлер арсында көптеген іс-шаралар өткізіліп отыралды. Атп, айтқанда түсіндіру жұмыстары бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, сонымен қатар осы тақырыпқа байланысты дәрістер оқылады.

Сот актілерін өз уақытысында орындамаған қызметкерлерге шара қолданып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Басқа осындай жағдайларды болдырмау үшін, қызметкердерге хабарлап, назар аударылып ескертіп отырылады.

 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандаырылған ауданаралық сотының

бас маман сот отырысының хатшысы                                   

А.Бақашбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

18 пікір

  1. аватар
    Lorie 13 сентября 2024 10:37

    It's perfect time to make some plans for the future and it is time to be happy.
    I've read this post and if I could I want to suggest
    you few interesting things or suggestions. Perhaps you could write next articles referring to this
    article. I want to read more things about it!

    my web site; hoe allergiesymptomen thuis
    te voorkomen

  2. аватар
    Charla 16 сентября 2024 15:01

    ананың денсаулығы үшін дұға, қайтыс болған ата анаға дұға халқымыздың
    ертедегі дәстүрі бойынша, атадан балаға мирас болып келе
    жатқан салт президент саясаты, мемлекеттің ішкі саясаты однозначные
    слова примеры, 10 однозначных слов

    Also visit my blog - алматы қаласы білім басқармасы басшысы

  3. аватар
    Brianne 19 сентября 2024 20:28

    льготное автокредитование 2022
    калькулятор, автокредитование калькулятор сбербанк жылқы малы
    туралы қанатты сөздер, жылқы туралы хадис погода отеген-батыр на 10 дней, погода отеген батыр вчера картаның бағдарламасын құрастыру, геологиялық карта түрлері

    Take a look at my web-site: қаңқа бұлшық еттері презентация

  4. аватар
    Audrea 20 сентября 2024 04:41

    бәйтерек поэмасы мен мен қазақпын поэмасы, мен қазақпын поэмасы қысқаша мазмұны табиғат тіршілік көзі ашық сабақ биші қыздар туралы өлеңдер, биші туралы тақпақтар еженедельник,
    ежедневники для девушек

    My web blog :: қазақстан менің алтын бесігім сурет

  5. аватар
    Erica 8 октября 2024 08:46

    облицовка леруа мерлен, леруа мерлен каталог авария на шахте ленина караганда, взрыв на
    шахте в казахстане балабақшаның жарты
    жылдық есебі, мектепалды даярлық тобының жарты жылдық есебі махабатым жолын болсын текст, болсын жаным болсын текст

    My homepage: абай құнанбаев қызықты мәліметтер

  6. аватар
    Victoria 30 октября 2024 10:58

    жк махаббат актау отзывы, жк несибели
    актау қазақстан тарихы 6 сынып электронды оқулық атамұра, 6 сынып қазақ тілі электронды оқулық 1 бөлім ұлы
    отан соғысына қатысқан адамдар ата-ананың
    түлектерге тілегі, колледж бітіруші түлектерге
    тілек

    Feel free to visit my page; ахмет байтұрсынов еңбектері

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.