Астана қаласының тұрғыны денсаулығына келтірген зақым үшін материалдық және моральдық зиян мөлшерін өндіріп алды
2017 жылдың 29 қыркүйегінде азамат М. азамат К-ның денсаулығына әдейі зиян келтірген, нәтижесінде оның денсаулығына жеңіл түрдегі жарақат келтірілді, ол өзінің қарсыласының тістерін сындырған.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жауапкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Сарапшының қорытындысы бойынша, талапкер жоғарғы еріннің қыртыстары, жоғарғы жақтағы тістің жарақаттануына байланысты дене жарақатын алған.
Тіс дәрігерінің эпикризисінен стоматологиялық қызметтерді аяқтау үшін 142 000 теңге ақша қажеттігі көрсетілген.
Осыған байланысты, талапкер соттан жауапкерден жоғарыда аталған соманы және моральдық зиянды өтеуді сұрайды.
Істер материалдарын зерделеп, Сарыарқа аудандық соты жауапкерден емделуге қажетті материалдық залал сомасын және моральдық зиян мөлшерін өндіріп алды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты
[xfvalue_img]