Электрондық сот төрелігі.
Жедел ақпарат алмасудың озық технологиясы дамыған ХХІ ғасырда сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылғандығын атап, Республика соттарында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігі қағазбастылық пен соттардағы ұзын-сонар кезектен арылып, үйлерінен шықпай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың игілігін көріп отырғандығын, ең алдымен, бұл игі бастаманы Мемлекет басшысы судьялардың VI-съезінде көтергендігін, Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында елімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, нәтижесінде еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей дерлік электронды форматқа көшірілгендігін, Республикадағы барлық соттардың қызметі туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ақпарат ұсынатын Жоғарғы Соттың www.sud.gov.kz ресми веб-сайты азаматтардың сот қызметін электронды сервис арқылы алуына оңтайлы мүмкіндік туғызғандығын, осы сервистің арқасында электронды цифрлық қолтаңбаға ие азаматтар қазіргі таңда үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге болатындығын, электронды сот төрелігін дамыту бойынша Жоғарғы Соттың бүгінгі ілкімді бастамаларының келешегі зор және бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Елбасы Жолдауы негізінде іске асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнымен толық үйлесім тауып отырғандығын атағым келіп отыр.
А.Кушкенбаева
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]
1 пікір