Заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жаңғырту

Заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жаңғырту

Қазіргі заманғы электрондық технологияларды сот жүйесіне енгізу азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу деңгейін арттыруға, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының сот жүйесінде әділ сот ісін жүргізу бойынша жұмысты оңтайландырудың болашағы бар бағыттарының бірі - бұл ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады, бұның арқасында біз сот талқылауының барынша ашықтылығына қол жеткіземіз.

Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот ісін жүргізуді жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады.

         Жоғарғы Соттың тапсырмаларын орындау барысында, азаматтар үшін сот жүйесін жеңілдету және қолжетімді ету мақсатында, сондай-ақ 2014 жылы сот ісін жүргізуде жаңартылған технологияларды кеңінен қолдану барысында мына ақпараттық технологиялар: 

  1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесіндегі жаңартылған интернет-ресурстары;
  2. «Сот кабинеті» қызметі;
  3. «Сот құжаттарымен танысу» қызметі;
  4. «Істер тізімі» қызметі;
  5. «Сотқа шақыру» қызметі;
  6. «Хабарлама беру үшін сот құжаттарын қарау» қызметі;
  7. Еліміздің  тұрғындары үшін  сот жүйесіне  қолжетімділікке  және барынша ашықтыққа қол жеткізу үшін, жеделділік пен  қолжетімді  механизмді жеңілдету, сондай-ақ электронды сот ісін жүргізуде азаматтардың қашықтықтан қатысу мақсатында, Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының www.sud.kz  ресми сайтында  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі іске қосылған SMS-хаттар мен электрондық почта арқылы сот процесіне қатысушыларды  хабардар ету жүйесі;
  8. Сот органдарының ақпараттық жүйелері мен «Казпочта» АҚ-ның арасында ықпалдастық жүргізілді;
  9. АБЖ (аудио-бейнежазба жүйесін пайдалану арқылы сот процесін өткізу).
  10. «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады.

Жоғарғы Соттың интернет- ресурсы  бірыңғай платформасы, бірыңғай интуициялық-түсінік құрылымы, сонымен қатар, орталық басқармалары бар  Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың Интернет-ресурстарын жүзеге асыру аясында жаңғыртылды. 

 

         Қазіргі таңда тұрғындардың Жоғарғы Сот интернет - ресурсын пайдалануы  бірнеше есеге өсті  және 4 мыңнан астам сайтқа кірушілерді құрайды,  күніне 40 мыңға жуық адам  осы сайтты қарайды.             Интернет-ресурс мобильді нұсқадағы iOS, Android және Windows Phone сияқы операциялық жүйелерде де қолданылады, осының арқасында соттардың ресми сайттарына ұялы телефондардан кіру қолжетімді болды.Жоғарыда аталып өткен сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялардың ішінде «Сот кабинеті»  және «Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық қызметтеріне тоқтала кетейін.«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі       Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының www.sud.kz  ресми сайтында  іске қосылған.«Сот кабинеті» - бұл онлайн қызметтерге және сот органдарының қызметтеріне кіруге арналған бірыңғай терезе, оның көмегімен азамат, оның өкілі немесе адвокаты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өтініш, шағым немесе өтінішхатты электронды түрде жібере алады, онлайн режимінде мемлекеттік бажды төлеу, сот құжатын қарау, сондай-ақ iстiң мәртебесi мен сот актiсiн басып шығарумен қатар процестік мерзімдерді бақылауға мүмкіндіктері бар. Сот кабинетіне кіру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығынан цифрлық қолтаңбаны алу қажет. 2014 жылдың маусым айынан бастап «Сот кабинеті» қызметі арқылы Астана қаласының жергілікті соттарына 52 542 құжат, соның ішінде 4196 талап арыз және 48346 астам басқа да өтініштер, шағымдар мен өтінішхаттар түскен.«Сот құжаттарымен танысу» - бұл электрондық сот құжаттарын қарауға арналған қызмет және ол жедел және қолжетімді болып табылады.Талап арыз берген, сондай-ақ сотқа жеке, апелляциялық және кассациялық шағым түсірген азаматтар бірден тіркеу туралы талонды қолына алады. Бұдан кейін электронды хабарламаға келісім берсе, оның ұялы телефонына немесе электрондық мекенжайына оның логині мен паролі бар SMS-хат, оның өтініші бойынша сот құжаты шыққандығы туралы сот шешімі шығарылды.

Астана қаласының жергілікті соттарында заңды тұлға өкілдері мен азаматтардың  осы сервистерді қолдану артықшылықтары туралы  тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы ақпараттық сервистің бір  артықшылығын атап өткім келеді -  ол қағаз құжатайналымын, әуре-сарсаңды, уақытша және материалдық шығындарды болдырмайды.

   Инновациялық технологияларды  кеңінен қолдану сот ісін жүргізуді жетілдірудің басым бағыттарының  бірі болып   табылады. Бұдан әрі  алдыңғы қатарлы  технологияларды қолдануға негізделген  соттардың қызметін ақпараттандыру мен автоматтандыру,  халықаралық тәжірибені қолдану, мұның өзі түпкі нәтижесінде жүргізіліп жатқан құқықтық саясаттың  тиімділігін арттыруға;   мемлекетіміздің  бәсекеге қабілеттілігін  күшейтуге;  қоғамның сот органдарының қызметіне қанағаттану деңгейінің, тұрғындардың соттарға деген  сенімінің артуына мүмкіндік туғызады.    

 

Астана қалалық сотының

кеңсе меңгерушісі Д.Шабданова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.