Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес 2018 жылда   Еліміз жүйелі демократиялық реформаларды одан әрі жалғастыруға кірісті.  Бюрократия мен сыбайлас жемқорлықты жою, Қазақстан азаматтарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін барынша жеңілдетудің тиімділігі,  мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің мемлекеттік саясатының басты міндеті   болып табылады.    

Елбасы  Жолдауында  мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс деп атап өткені - жемқорлықтын алдын-алудың  бірден  бір жолы екендігі  әбден анық.

Осы жерде сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы өте зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататыны және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіні, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екендігі баршаңызға аян. Елбасы биылда  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді және азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет деп атап нақты көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Осыған орай, Елбасы Жолдауларында жемқорлықпен күресті өз назарынан тыс қалдырған емес. Оның нақты дәлелі Жолдауда осы мәселеге арналған тоғызыншы міндет-жемқорлықпен күресті жалғастыру, сонымен қатар қолданып жүрген зандардың үстемдігін қамту және орындаушылық  тәрпіпке   қатаң бақылау жасау.

Жемқорлық белең алған соң қоғам дамуына кедергі келтіретін қатерлер  көбейе түсетініне дау жоқ . Ендеше бұл мәселеге  ел болып кіріскенде ғана өз нәтижесін беретіндігіне көзіміз жетіп келеді.  

Сондықтан-да, жемқорлықты тыю заңға бағынышты болу әр-азаматтың               мүлтіксіз орындалатын парызы, ел дамуына қосатын   тиісінше  үлесі болып саналады.

 

Батыс Қазақстан облысы

Сырым аудандық Әділет басқармасының

 басшысы Н.К.Кайыржанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.