Судья мемлекеттің айнасы

Судья мемлекеттің айнасы

Сот билігін Қазақстан Республикасының атынан тек сот қана жүзеге асырады.

         Соттардың толық тізбесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда айқындалған. Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан-ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттің билігінде, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, әлемдік қауымдастық мойындаған құқықтық мемлекет ретінде орнығуында сот жүйесінің алар орны ерекше.

         Қазақ тарихында би - бірінші кезекте халыққа сот төрелігін шынайы, әрі турашылдықпен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған, сот ісін жүргізгенде өзі қадағалайтын тәртіптілікті қатаң сақтай отырып, істің күрделілігі мен екі жақ тараптардың ықылас мүдделеріне баса назар аударған. Сонымен бірге, іске қатысатын тараптардың өкілдері мен өзге де қатысушылардың мүмкіндігін шектемей, жариялылықты қатаң сақтайтын әділ төреші болған. Би соттың дәлелдеу қортындысында екі тараптың бірі жеңіп, бірі жеңіліп емес екі жаққа да шындықты мойындата білген. Халық алдында өзінің шынайы шешімімен тараптарды татуластырса ғана әділ ісімен даңқы артқан. Ондай билердің даңқы артып мыңдаған шақырымдардан даушылар іздеп келіп, жүгініске отырған. Адал би - әділ би деген қағида осыдан қалған. 

         Тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі сот жүйесін жетілдіре түсу міндеттері Елбасы Н.Назарбаевтың айқындаған «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында, 100 нақты қадам Ұлт жоспарында көрініс тапқан.

         Елбасы әр төрт жылда өтетін судьялардың VII съезінде заң бұзылған жағдайда адам сотқа баруы тиіс және сол жерде өз құқықтары мен бостандықтары қорғалатынына сенімді болуы керек екенін айтқан болатын.

         Сот реформасының түпкі мақсаты – судьялардың адалдығы мен кәсібилігі, әділдік және әділ сотқа қолжетімділік болып саналатын тәуелсіз және әділ сатылмайтын сот билігі деп, қоғамның республика заңнамаларының бұлжымай орындалатынын, ал соттардың заңдылық пен әділеттіліктің күзетінде тұратынын білуі қажет екенін баса айтты.      

         Сонымен қатар, негізгі міндеттерді заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігін іске асырарда Конституцияда белгіленген қағидаттарды қатаң басшылыққа алуды, судьяның көрсеткіштер мен статистикаға байланып қалмауы керек екеніне назар аударды.

         Судьяның шынайы тәуелсіздігі заңды қатаң сақтауы мен өзі қабылдаған шешімнің дұрыстығы мен әділеттігіне сенімділігіне негізделеді.

         Республика соттарының 2017 жылдың қортынды жиналысында Жоғарғы Сот төрағасы соттың барынша ашық болу керектігін және халықтың көңілінен шығу жолдарын айтып, еліміздегі сот жүйесін әрі қарай дамыту мен халыққа барынша ашық және жақын болу мақсатында өзекті мәселелерді шешу үшін жеті ірі жобаға топтастырылған сот төрелігінің жеті түйінін халыққа ұсынды.           

         Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды, кәсібін уайымсыз жасап тәртіпке бас иетінін айтқан болатын. Халық сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды егер сот шешіміне көңілі толмаса бүкіл мемлекетке өкпелейді деп дөп басып айтқаны баршамызға белгілі.

         Ал сот актісі – судьяның кәсіби біліктілік дәрежесі мен білімінің көрсеткіші болып табылады. Ол халық үшін жазылғандықтан оның халыққа түснікті жазылуына назар аударды.

         Сот әдебі туралы бірер сөз. Сот әдебі халқымыздың әдет-ғұрып заңындағы көп ғасырлық құқықтық таным-түсінігінің аса бір айқындылықпен сипатталатын рухани мұрасы екені даусыз. Құқық тарихына көз жүгіртсек, құқықтық психологияны, құқықтық танымды қалыптастыруға қызмет ететін сот этикасының  кезінде жалпы ұлттық әдет құқығының да кең көрінісін жасауына үлес қосты. Бұлай дейтініміз, сот этикасы есте жоқ ескі кезеңдерде-ақ әдет құқының аясында қалыптасты. Оның туып, қалыптасуына ертедегі даудың небір түрлерінің түйінін әділдікпен шешкен көңілі даңғыл, санасы сара, тілге жүйрік би-шешендер себеп болды. Даушы тараптар әрекеті, оқыс, шырғалаң оқиғалар түйінін әділ шешуде сот этикасының маңызы өте зор еді.

       Сот әдебі сот әділдігімен тамыр тартып жатқан, соттың шынайылғына тәуелді, онымен біте қайнасудан туындаған айқын да жарқын құбылыс.

       Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қабылданған «Судьялық әдеп кодексі» ережелерін бұзу судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тарту үшін негіз болып табылады.

       Аталған кодекс он бес баптан тұрады және әдеп нормаларын сақтау туралы судьялардың жүріс-тұрыстың қағидаларынан тұрады. Бұл кодекстің қағидалары жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін міндетті. Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауы тиіс. 

       Судья сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуы қажет.

       Судьяның кәсіби міндеттерін атқарған кездегі жүріс-тұрысы судьяның адалдығы мен сатылмайтындығы туралы қоғамның сенімділігін қалыптастырып, нығайтуы тиіс.

       Судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және тараптармен процеске қатысушылардан сондай қарым қатынасты талап етуге және олардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануға тиіс.

       Қортындылай келе, азаматтардың, қоғамның сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демократиялық қоғамда аса маңызды ролге ие екенін көруге болады.

       Бүгінгі күні Жоғарғы Сот төрағасы ұсынған ірі жеті жоба «Сот төрелігінің жеті түйіні» бойынша жұмыстар жүргізілуде және халықтың пікірін, қалауын білу мақсатында аталған жұмыстардың бағдарламалары, жоспарлары халыққа ашық жариялы түрде ұсынылуда. Халықпен санасып оның пікірін ескере отырып жасалған жұмыстың нәтижесі жемісті болатынына күмән жоқ.

       Сот жүйесі мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан, судья халыққа адал әрі сатылмайтындығымен халықтың ары және мемлекеттің айнасы болу жолында судьяға қойылар талап уақыт ағымымен ұдайы жетіле бермек.

 

Астана қаласы Алматы ауданының №2

аудандық сотының бас маман -

сот отырысы хатшысы                                                                                             

А.Каринбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.