100 нақты қадам – қазақ халқының қадамы

100 нақты қадам – қазақ халқының қадамы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформа бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесін алға қойған мақсаттарының бірі реформа аясында атқарылатын «100 қадам» Ұлт жоспары бойынша кәсіби біліктіліктері тәуелсіз сот жүйесін дамытуды өзекті міндет ретінде орындау үшін алға қойған болатын. Айта кетсек, заңды мүлтіксіз орындау принципін қатаң қадағалау экономикалық өсімнің кепілі болса, қоғамдағы заңның қатаң орындалуында ең бірінші кезекте сот жүйесі негізгі рөл атқарады. Еліміздің сот жүйесі Тәуілсіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткеріп келгені белгілі. Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық стандарттар енгізілуде.

Бұл елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, оның ішінде еліміздегі сот қызметінің беделін көтеруге, судьялардың қызметіне деген халықтың сенімін арттыруға, сонымен қатар, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу талаптарын қатайтуға бағытталып отырғанын көрсетеді.

Судьялыққа үміткерлердің сот істерін жүргізуге қатысудағы 5 жылдық өтілі болуының, кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу, судьялыққа үміткерлердің соттарда стипендия төленетін бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі қажеттілігі қарастырылған.

Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын жаңа талаптардың күшейтілуінің түпкі мақсаты – судьяларды тағайындау, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және олардың жауапкершілігін көтеру арқылы болашақта сот корпусының сапалы құрамын жақсарту. Стратегиялық жоспарда көрсетілген сот билігінің халық үшін ашық әрі қол жетімді болуы, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, барлық сот процестеріне үн-бейне жазба құрылғыларын қолдануы, алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейту – соттардың халыққа бір қадам жақын болуы бағытында жасалып жатқан шаралар болып табылады.

Бұл жоспар біліктіліктің, елдің ертеңі, халықтың тағдыры үшін жауаптылықтың, көрегендіктің айғағы, негізгі мақсаты аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеуге бағытталған.

Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен 1-ші көтерілген мәселе мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, ондағы жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын-алуға және сауықтыруға бағытталған.

Ұлт жоспарының қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бөлігінде мемлекетіміздің сот жүйесін реформалауға қатысты өзекті мәселелер қамтылған.

Ұлт жоспарының жүзеге асырылуының бірден-бір айғағы – сот жүйесінің халыққа қолжетімді болуы, сот жүйесі инстанцияларының азайып, яғни оңайлатылып, үш сатылы: бірінші, апелляциялық, кассациялық сот төрелігіне көшуі.

Сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер қоғамның сот саласына деген сенімін нығайтуда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.