Сотты құрметтеу – заңды құрметтеу

Сотты құрметтеу – заңды құрметтеу

Қазақстанда сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Ол барлық құзіретін Республика атынан жүзеге асырады. Тәуелсіздік жылдарындағы сот билігі еліміздің саяси және экономикалық дамуында қоғамдық қатынастардың түйіткіл тұстарын реттеуде үлкен үлес қосты. Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында туындайтын дауларды өркениетті түрде, заң талаптарын басшылыққа ала отырып, сот төрелігін жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктері арқылы шешу - демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық дамудың, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті дәрежеде қорғаудың, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығының басты көрсеткіштері болып табылады. Ендеше, сот билігіне құрметпен қарау әр азаматтың міндеті.

Әрине, адам баласы болған соң қоғамдық қатынастардың шиеленіскен тұстарында эмоцияға салынып, оның өркениетті, заң үстемдігі жолымен шешілуіне наразылық танытатын азаматтар арамызда кездесіп қалады. Бұл олардың ең бірінші кезекте құқықтық сауатының таяздығынан боп келеді. Сотқа келген әрбiр адам өзiне жүктелген жауапкершiлiктi сезiнiп, құқықтық мәдениеттi сақтауы қажет.

Төрағалық етушi азаматтық сот iсiн жүргiзу қағидаттарына сәйкес процестiк әрекеттер жасаудың сабақтастықтығы мен тәртiбiнiң сақталуын, процеске қатысушылардың процестiк құқықтарын жүзеге асыруын және олардың процестiк мiндеттердi орындауын, процестiң тәрбиелiк ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды.

Iске қатысатын қандай да бiр тұлғаның төрағалық етушiнiң процестiк әрекеттерiне қарсылық бiлдiруi сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.

ҚР АПК-нiң 187 бабына сәйкес іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар сот отырысы залындағы тәртiптi сақтауға мiндеттi.

Сот отырысында тәртiп бұзушыларға қолданылатын шаралар ҚР АПК-нiң 188-бабынында қарастырылған. Iстi талқылау кезiнде тәртiптi бұзған адамға төрағалық етушi соттың атынан ескерту жасайды. Тәртiптi қайталап бұзған жағдайда iске қатысатын адам сот отырысының хаттамасына енгiзiлетiн сот ұйғарымы бойынша сот талқылауының барлық уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарып жiберiлуi мүмкiн.

Процеске қатысушы тұлға тарапынан тiкелей сот талқылауы барысында сотты құрметтемеу фактiсi анықталған кезде сот кiнәлi адамға Заңда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жазаға немесе сот отырысында тәртiп бұзушының әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi болса, бұл адам қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.

Сотқа деген құрметтемеушiлiк бiлдiрген тұлғаларға қатысты жауапкершiлiк тек Қазақстан Республикасының Азаматтық процестiк кодексiнде ғана емес Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде де қарастырылған. Мәселен, аталған кодекстiң 653–бабында сотқа деген құрметтемеушiлiк үшiн жауапкершiлiк көзделген.

  1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелдi себептерсiз келмеуiнен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгiленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрiнетiн өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) — ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) — отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

Сот отырыс залындағы тәртiптi бұзып, олардың iс-әрекеттерiнде қылмыстық жауапкершiлiктiң салдары анықталса, сот оларға қатысты құжаттарды, прокурорды ескерте отырып, алдын ала тергеу органына жолдай алады. Бұл жауапкершiлiк ҚР қылмыстық кодексiнiң 410 бабында көрсетiлген. Сотты құрметтемеу:

  1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген, сотты құрметтемеу — үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпiс бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
  2. Судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол iс-әрекет — бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» заңының 3-бабына сәйкес сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сондықтан да тараптардың сот отырысы барысында белгiлi бiр тәртiпке бағыну қажеттiгiн ұмытпағаны абзал. Ең бірінші кезекте өзіне, айналасындағыларға, сотты жүргізіп отырған судьяға құрметпен қарағаны жөн. Сотты құрметтеу – заң үстемдігін құрметтеу!

 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандырылған ауданаралық

әскери сотының кеңсе  менгерушісі

Шынжанова Алмагүл Қашқынбайқызы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.