Тұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну қағидаты

Тұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну қағидаты

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1-тармағында халықтың толық билігі конституциялық тұрғыда бекітілген. Мемлекетгік органдардың бүкіл жүйесін Қазақстан халқы құрады. Мемлекеттік билік халыққа тиесілі. Осы конституциялық құзырына сүйеніп, халық жоғарғы лауазым иесі, мемлекет басшысы - Республика ГІрезидентін сайлайды. Халық тікелей немесе өз өкілдері арқылы заңнамалық қызметті атқаратын Республиканың жоғары өкілетті органы – Парламентті қалыптастырады, жергілікті өкілетті органдардың барлык буындарын - мәслихаттарды сайлайды. Сонымен бірге, Қазакстанның қолданыстағы ұлттық құқығында халықтың мемлекеттік еркі білдірілген. Қазақстан халқы тарихта тұңғыш рет кеңес кезеңі және кеңестік дәуірден кейінгі кезеңде, 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумде Негізгі Заң - Конституцияны қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылым негізін, мемлекеттік құрылым және басқару формасын, мемлекетгік билік тармақтары құрылымын, мемлекет және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің қызметі мен ұйымдастырудағы басты демократиялық қағидаларын белгілеп берді.

Халық тікелей және демократияның өкілдік формалары арқылы республикалық референдумге, Республика Президентін сайлауға, Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады. Демократияның өкілдік формасында халық мемлекеттік билік органдарын құрудағы өз еркін қалаулыларға табыстайды. Халық мәслихат депутаттарына Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кұкығын табыстайды. Сонымен бірге Конституцияға сәйкес, халықтың атынан Президент құзырлы тұлғалардың белгілі бір санатын тағайындайды.

Конституцияға сәйкес, халық пен мемлекет атынан билік жүргізу құқығы Президенгке, сондай-ақ конституциялық құзыры шеңберінде Республика Парламентіне тиесілі. Парламент биліктің жоғары органы бола отырып, елде заңнамалық қызметті атқаратын біртұтас мемлекеттік биліктің заңнамалық тармағы болып саналады. Заң қабылдай отырып, Парламент халық пен мемлекеттің ерік-мүддесін білдіреді.

Мемлекеттің жоғары атқарушы органы болып табылатын Үкімет халық тарапынан сайланбайды. Ол тек өз құзыры аясында мемлекет атынан билік жүргізеді. Ал Конституцияда «басқа мемлекеттік органдар» деп прокуратураны, Конституциялық Кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, осы баптың үшінші тармағында аталмаған барлық қалған мемлекеттік органдар саналады. «Өкілеттікті табыстау» деп Үкімет пен өзге де мемлекеттік органдардың дәрежесін анықтайтын Конституцияда бекітілген заңдар мен басқа да нормативтік актілер ұғылады.

Қазақстан - унитарлық (біртұтас) мемлекет. Мемлекеттің унитарлығы жоғар мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесін билікті үш тармаққа бөлу қағидасына сай құру дегенді білдіреді (Конституцияның 2-бабының түсіндірмесін қараңыз).

ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Парламенті биліктің заң шығарушы тармағы саналады. ҚР Үкіметі - биліктің атқарушы тармағы, ҚР Жоғарғы Соты және басқа да соттар - биліктің сот тармағы. Биліктің осы үш тармағына кірмейтін басқа органдар мемлекеттік биліктің жиынтық түрдегі біртұтас жүйесін құрады. Біртұтас мемлекеттік билік сондай-ақ халықтық және мемлекеттік егемендік тұжырымдамасына негізделеді.

Біртұтас мемлекеттік билікті – заң шығарушы, атқарушы және сот деп үш тармаққа бөлу ұйымдастырушылық қатынаста  мемлекет билігін бір ғана адамның қолына (немесе бір мемлекеттік органға) шоғырландыруға жол бермейді. Билікті бөлудің теріс тәжірибесі бұрынғы Кеңес Одағында үстемдік құрғаны белгілі. Ол ақырында шектен тыс билік, бір адамға бағыну, жеке басқа табынушылық, репрессия, адам құқығын таптау, заң мен құқық қорғаудың өрескел бұзылуы сияқты жағымсыз құбылыстарға алып келген болатын.

Әрине, Конституцияның біртұтас мемлекеттік билік туралы ережесінің халық депутаттары кеңесінің социалистік толық билігімен де, феодалдық абсолютизммен де ортақ ештеңесі жоқ. Қазақстандық Негізгі Заңның 3-бабының 4-тармағында аталған біртұтас мемлекеттік билік пен билікті бөлу теңгерімін В.Е.Чиркин қажетті акценттерді орын-орнына қоятын жаңа көзқарастың неғұрлым анық көрсеткіші деп айқындады[1].

Алайда мемлекеттік биліктің үш тармағын бір-біріне карама-қарсы коюға болмайды. Конституциялық-құқықтық тәжірибеде осы аталған үш тармақ бірлесіп іс-қимыл жасайды.

Мемлекеттік биліктің өзара іс-кимылы тежемелік және теңбе-теңдік механизмдері негізінде жүзеге асады. Бұл әр тармақтың өз құзыретіне сай қызмет жасап, бір тармақтың теріс әрекетіне қарсы құқықпен ықпал ету құралын қолдану үшін қажет.

Конституциялық-құқықтық тәжірибеде биліктің үш тармағының тежемелік және тепе-теңдік механизмдерін қолдану арқылы қызмет етуі мемлекеттік билік тармақтарының өзара іс-кимылының ұтымды да тиімді екенін көрсетіп берді. Тежемелік және тепе-теңдік механизміне сәйкес, билік тармағының әрқайсысы – заң шығарушы, атқарушы және сот - салыстырмалы түрде дербес жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өз бетінше дербес күш және биліктің басқа тармақтарына заң жағынан әсер ететін құрал бола алады. Бұл механизм мемлекеттік билікке құқық негізінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қай-қайсысының іс- қимылын реттеп, биліктің бір қолға өтуіне кедергі келтіреді.

Осылайша билік бірде-бір мемлекеттік органға толық көлемде тиесілі бола алмайды. Сонымен катар бұл механизм биліктің барлық тармағының ортақ демократиялық қағидаларға сүйеніп, бірлесіп, келісіп іс-қимыл жасауын білдіреді.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты Баяндина Б.С.

 

[1]Чиркин В. Е. Салыстырмалы конституциялық құқық. – М., 1996. – С. 440. Сондай-ақ қараңыз: Конституционное право зарубежных стран: Учебник для студентов вузов / Под ред. О. В. Лучина, Г. А. Василевича, А. С. Прудникова. – М., 2009. – С. 614.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.