Сот приставтарының сотта атқаратын рөлі

Сот приставтарының сотта атқаратын рөлі

Мемлекеттің демократиялық даму жолында негізін құрайтын маңызды тармағының бірі - сот жүйесі. Сот төрелігінің сапалы жүзеге асырылуы -азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа, билікке сенім арттыруының кепілі. Өз құқықтарын қорғау мақсатымен сотқа жүгініп барған азаматты сот ғимаратында алғаш болып қарсы алатын сот приставтары. Өйткені сотқа келушілер тарапынан, сот мамандары мен басқа да тұлғаларға келуі мүмкін қауіп бетін қайтару сот приставына жүктеледі. Сотқа келген адамдарды алғаш қарсы алатын, тізімге тіркеп кіргізетін - сот приставы. Сот приставының қызметі – өте жауапты жұмыс.

          Сот приставы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сот приставының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі міндеттері: 1) сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылау; 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; 3) іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу, тағы да басқа жауапты істерді атқару.

          Сот приставына кемінде жиырма бір жасқа толған, заң жағында оқыған орта білімі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы жақсы, арнаулы тексерістен өткен  Қазақстан Респуликасынын азаматы болып  табылатын адам тағайындала алады.

          Міндеттерді атқаруға байланысты қандай да нақты әрекеттердің сипаты мен мазмұны әрқашан қалыптасқан жағдайға байланысты айқындалады. Мысалы, сот мәжілісіндегі судьялардың, қатысушылар қауіпсіздігін сот отырысының залында қамтамасыз ету приставқа жүктелген. Олардың нақты іс-әрекеттерінің сипаты сотпен қандай істің қаралып отырғанына (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік), жабық не ашық сот мәжілісінде қаралуына байланысты. Шағымданушы мен жауапкердің психологиялық ерекшеліктері, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі міндетті түрде ескеріледі.

Сот төрағасының, сот мәжілісіне төрағалық етіп отырған судьяның өкімдері ауызша немесе жазбаша түрде беріледі. Бұл өкімдер сот отырысының не оның қандай да бөлігінің басында нақты тәртіп бұзушылықты жоюға бағытталған нұсқамалық болып саналады.

         Сот приставының қорғаушылық функциясын жүзеге асыруы сот пен судьяның сотталушыға және басқа да азаматтарға процессуалдық міндеттемелер шараларын қолдану шешімін орындауда көрініс табады. Заңда бұл шаралар, еріксіз айдап әкелуден басқасы, толық айқындалмаған. Приставтардың міндеттемелік сипаттағы шаралар тізімінің тәжірибелік маңызы зор. Еріксіз айдап әкелумен қатар бұл сотталушыны сот залынан қамауға алу, сонымен қатар сот мәжілісі кезінде тәртіпті бұзатын тұлғаларды отырыс залынан шығару секілді шешімдерді орындауы.

Сот отырысының қатысушылары мен азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында сот приставы отырысқа сот бөлмелерінің дайындығын тексеруі қажет. Бұл тек сот ғимаратындағы бөлмелерге ғана емес, көшпелі отырыстарда қаралатын істерде қолданылатын аудиторияларға да қатысты. Мұндай жағдайда сот приставы отырыс қайда, қандай уақытта, қандай іс қаралатыны жайлы алдын ала ескертілуі тиіс. Егер де қылмыстық іс қаралатын болса, сотталушы мен оған қолданған бұлтартпау шарасы жайлы да ескерілу керек. Алынған ақпаратқа байланысты ол ғимаратпен (аудиториямен) танысып, сот қызметінде белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету мүмкіндігін не мүмкінсіздігі туралы қорытынды жасап, оны іс өндірісінде болып табылатын судьяға жеткізуі қажет.

         Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік нормаларын аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Ал сот приставы белгіленген құқықтар мен міндеттеріне осы игі істе сай өз септігін тигізеді. Сөзімді аяқтай келе, сот приставының атқарар жұмысы жауапкершілікті, сабырлылықты, білімділікті талап етеді.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының сот приставы А.Нурашов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.