Соттағы азаматтар қауіпсіздігі

Соттағы азаматтар қауіпсіздігі

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары [1,1] деп көрсеілгендей, сот жүйесіндегі адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сот приставтары мамандықтарын атқарып келеді. Өз құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгініп барған азаматты сот ғимаратында алғаш болып қарсы алатын мамандардың бірі  - сот приставтары. Өйткені еліміздің қазынасы азаматтарға, сот мамандары мен басқа да тұлғаларға келуі мүмкін қауіп-қатерлерді қайтару сот приставына жүктеледі.  Бұл міндеттер «Сот приставы туралы» заңда анық қарастырылған.

       «Сот приставы туралы» заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі міндеттері:

  • сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылау;
  • бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;
  • іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу, тағы басқа жауапты істерде атқарады [2,1]. Бұл аталған міндеттерге сәйкес, сот приставы болып кемінде жиырма бір жасқа толған, заң жағында оқыған орта білімі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы жақсы, арнаулы тексерістен өткен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам тағайындала алады. Сонымен қатар, сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады. Осыған сәйкес заңда атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен
    күш қолдану тәртiбi де көретіліп өткен. Осы заң нормаларын оқи отырып аңғаратынымыз, сот приставының қызметі — өте жауапты жұмыс.

Сот приставтарының атыс қаруын қолдану ережелерін заң бойынша атап өткен орынды деп ойлаймын:

  • судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
    2) сот приставы мен сот орындаушысының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
    3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю; 4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар. Алайда, қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады [2,2]. Осыдан келіп түйетініміз, сот приставтарының физикалық денсаулығы жақсы және жұмыс істеу қабілеті жоғары болуы керек.

Алайда, жоғарыда атап өткендеріміз сот приставтарының бойындағы қасиеттерінің бір ғана бөлігі. Негізгі кәсіптік ерекшелігіне келсек, ол шыдамдылық пен тұрақты психика. Өйткені, сот шешімін ерікті түрде орындағысы келмейтін адамдардың көбісі приставтарға қатысты өздерін ақылға қонымсыз ұстап, қауіп төндіретін болғандықтан, сот приставының жұмысы зор шыдамдылық пен тұрақты психиканы талап етеді. Мұндай санаттағы адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде әдептілік пен сабырлылық қасиеттері қажет. Сот приставы өзіне сенімді, батыл және күрделі жағдаяттарда әрекет етуде бастаманы өз қолына ала білетін адам болуы тиіс және де соттағы тәртіпті қамтамасыз ететін пристав сот залындағы азаматтардың қауіпсіздігі үшін кәсіптік жауапкершілікте болатындықтан ондағы ахуалды ұзақ уақыт бойы зейін қойып, бақылап отыруға міндетті. Орын алуы мүмкін шиеленісті немесе қауіпті жағдайды дер кезінде болжап, алдын алу қабілеті адамдардың өмірін сақтап қалады. Осыған сәйкес приставтың адамдарды мінез-құлқы, мимикасы және ниеттері бойынша вербальды емес қарым-қатынас арқылы анықтай білуі маңызды.

    Қортындылай келе, айтқым келетіні, сот приставының міндеттері мен қойылатын талаптарының күрделілігіне қарамастан сот мәртебесін көтеру, Қазақстан халқына қызмет ету жолында өз үлесімді қосуға ардайым әзірмін.

 

Алматы аудандық сотының

приставы Оңғарбаев Н.Қ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.