Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу туралы мәселелер

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу туралы мәселелер

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №13 «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы қабылданған болатын. Бұл нормативтік қаулының қабылдануы уақыт талабынан туындаған қажеттілік деп білеміз. Бұл алдағы уақытта мемлекеттік тілдің басымдығын бағамдайтын, мемлекеттік тілдің ресми функциясын түсіндіріп беретін, оның қолданыс аясын кеңейтуге бірден-бір ықпал шара болатын, орыс тілінің қажеттілік жағдайын айқындайтын, қабылдануымен мемлекеттік тілде сот ісін қараудың барлық мүмкіндіктерін айқындап, сот ісін қарау барысында кездесіп тұратын қайшылықтардың ара жігін ажыратып беретін нормативтік қаулы деп түсінеміз.

         Мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сауаттылығы туралы әр қилы объективтік, сан түрлі субъективтік себептер бар. Мәселен, әр азаматтың тілді меңгеру деңгейі әр түрлі. Сондықтан Астана қаласы Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының тұрғындарының сотқа жүгінетіндерінің ұлттық құрамы негізінен қазақ ұлтының өкілдері екенін ескерсек, солардың басым көбі өзге тілде жүгінетіні жасырын емес. Өйткені олар мемлекеттік тілде жүгінгісі келмегендіктен емес, қазақ тілін жетік білмегендіктен осындай әрекеттерге баратыны байқалады.

         Мемлекеттік  тілдің  деңгейін  арттыру  мақсатында  ауқымды шаралар атқарылып, көптеген жұмыстар орындалу барысында. Алайда, бүгінгі таңда сот жүйесінде 100 пайыз мемлекеттік тілге көшуге кедергі болып отырған сауаттылық мәселесі де жоқ емес.

         Атап айтатын болсақ, талап-арыздар, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер сотқа, қай тілде рәсімделіп, қай тілде келіп түссе, сотта сол тілде қаралады. Бұл заңмен бекітілген норма. Оның бірден-бір себебі заң кеңесшілері мен адвокаттар азаматтық істер бойынша орыс тілін жетік білмейтін немесе ойын жеткізе алмайтын қазақ азаматтарының сотқа талап арыздарын орыс тілінде дайындайды. Ал қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу кезінде іс орыс тілінде жүргізіледі. Осыған байланысты істегі барлық құжаттар орыс тілінде рәсімделеді. Қылмыстық іс сот өндірісіне келіп түскеннен кейін, кейбір азаматтар басты сот талқылауы барысында өздерінің құқықтарын қорғай келе, орыс тілін жетік білмейтіндігіне жүгініп, сотқа істің мемлекеттік тілде қаралуы туралы талап-тілектер білдіреді. Мұның бәрі жоғарыда атап өткен себеп-салдарлардың негізіне жатады деген ойдамыз.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу күн тәртібіндегі өте өзекті мәселе болып табылады. Жалпы осы сотта барлық қаралған сот істерінің ішінде қазақ тілінде қаралған сот істерінің үлесі 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықты қоса алғанда динамикалық өсу үстінде. Осы бағыттағы көрсеткіштер төменде көрсетілгендей:

2015 жылы түскен 53 қылмыстық істің, қаралғаны 50, оның 8-і мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 16 пайызды құрайды.

2016 жылы түскен 46 қылмыстық істің, қаралғаны 44, оның 15-і мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 34 пайызды құрайды.

2017 жылы түскен 56 қылмыстық істің, қаралғаны 50, оның 19-ы мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 38 пайызды құрайды.

2015 жылы түскен 544 азаматтық істің қаралғаны 512,  азаматтық істің 44-і мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 8,5 пайызды құрайды.

2016 жылы түскен 887 азаматтық істің қаралғаны 808, оның 82-і мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 10,1 пайызды құрайды.

2017 жылы түскен 788 азаматтық істің қаралғаны 709, оның 79-ы мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 11,1 пайызды құрайды.

2015 жылы түскен 3141 әкімшілік істің қаралғаны 3131, оның 554-і мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 17,6 пайызды құрайды.

2016 жылы түскен 763 әкімшілік істің қаралғаны 761, оның 186-ы мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 24,5 пайызды құрайды.

2017 жылғы 9 айда түскен 721 әкімшілік істің қаралғаны 694, оның  143-і мемлекеттік тілде жүргізілген, яғни 20,6 пайызды құрайды.

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуге судьялардың әлеуеті толық жетеді (Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұмыс істейтін 3 судьяның барлығы, яғни үшеуі де, 100 пайыз сот істерін мемлекеттік тілде қарауға толық мүмкіндіктері бар, мемлекеттік тілде сөйлейді, оқиды және жазады, ұлты бойынша барлығы қазақтар, өзге ұлт өкілдері жоқ).

Астана қаласы Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының прокуратуралары, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының Ішкі істер органдары,  Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының Ювенальды полиция бөлімдері және т.б. құқық қорғау органдары тергеуді мемлекеттік тілде жүргізуге ден қойса, соттарға түсетін барлық құжаттарды сот істерін мемлекеттік тілде қарауға мүмкіндік бар. Сот практикасынан байқалып отырғандай, күдіктілердің ұлты қазақ бола тұра, орыс тілінде жауап беруге тілі келмей тұрса да, тергеу амалдарының орыс тілінде көрінеу жүргізілетіні анық байқалады. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабының 1-тармағын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 30-бабының,  Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінің 14-бабының, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 738-бабының талаптарын өрескел бұзу болып табылады.

Осы орайда, Астана қаласының кәмелетке толмаған істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мынадай ұсыныстарын жолдайды:

- қазақ азаматтарының сотқа талап арыздарын орысша дайындап беруге ықпал еткен заң кеңесшілері мен адвокаттарға заңнамамен көзделген шаралар қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;

- Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар өз тарапынан мемлекеттік тілде сот төрелігін жүзеге асыруға көбірек ден қойса дұрыс болар еді.

Соттармен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 13-бабының «...сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деген талабы орындалып отыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, азаматтық істерді басты сот талқылауына дайындау сатыларында іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер немесе айғақ беру құқығы түсіндіріледі, әрі сот ісін жүргізу тілін таңдау туралы қаулы шығарылады.

Сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушыларға аудармашы қатыстырылмаған немесе аудармашының өкілеттігі іске мүдделі тұлғаларға (анықтама жүргізуші, тергеуші, сот отырысының хатшысы т.т.) жүктелген жағдайлар болған жоқ.

Сот ісін жүргізу тілі бойынша қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне ҚПК-нің 106-бабына сәйкес шағым келтірілген фактілер болған жоқ.

Қылмыстық тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жұмыстарында таңдалған сот ісін жүргізу тілі сақталады.

Сот ісін жүргізу тілі өзгертілген кезде тиісті қаулы шығарылады.

Аудармашы ретінде қатысатын адамдардың білім деңгейі, қандай мамандық иесі екендігі анықталады және өкілеттігін айғақтайтын құжаттар іске тіркеледі.

Сот ісін жүргізу тілін меңгермегендіктен қорғаушының, тараптардың өкілдерінің өз өкілеттігін орындаудан бас тартуы немесе оларды өкілеттігін орындаудан шеттету фактілері болған жоқ.

Аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы барлық жағдайда қамтамасыз етіледі, аударма қызметінің ақысын процестік шығындар ретінде өндіру арнайы қаулы шығару арқылы жүргізіледі.

Сот процесі барысында дайындалатын құжаттардың сапасы, оның ішінде мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасы әр қилы: грамматикалық, орфографиялық, стилдік қателер, кейбір сөздердің лексикалық мағынасын түсінбей қолдану кездеседі.

Сотқа келіп түскен істерді іс жүргізуге қабылдау туралы қаулыда іс жүргізу тілі барлық жағдайда көрсетіледі, сотқа келіп түскен істер бойынша іс жүргізу тілін өзгерту фактілері болса, мұндайда барлық жағдайда қаулы шығарылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының «...өтініштерге берілетін жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға тиіс» деген талаптары соттармен мүлтіксіз орындалады.

Сот ісін жүргізу тілін еркін меңгермеген процеске қатысушыларға сот құжаттарын өздері білетін тілге аударып беру барлық жағдайда қамтамасыз етіледі.

Сот актілерінің аудармасы өкілетті адамдармен жасалады және аударма сапасы барлық кезде талапқа сай келеді деп айта алмаймыз.

Апелляциялық немесе кассациялық сатыда сот актілерінің сот ісін жүргізу тілін пайдалану принциптері бұзылуы негізінде күші жойылу фактілері орын алды.

Жоғарғы саты соттары сот құжаттарының сапалы жасақталуына өте терең көңіл бөледі, бұл мәселе бойынша төменгі соттардың кемшіліктеріне назарын аударған хаттар есептік кезеңде ғана емес, жиі жазылады.

Сот ісін жүргізу тілі бойынша заң бұзушылық фактілеріне байланысты соттар жеке қаулы шығарған жағдайлар әзірше болған жоқ.

Тіл туралы заңнамаларды қолдануда орыс тілін ресми тіл ретінде мемлекеттік тілден басым тұр деген, сондай-ақ қазақ тілінде берілген арыз-шағым дұрыс қаралмайды деген құқықтық қате түсінік кедергі болып отыр, осы заңнамаларға мемлекеттік тілдің орыс тілінен басымдығын, қазақ тілінің ресми тіл ретіндегі функциясын, қызметін құқықтық реттеу арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Сот ісін жүргізу тілі туралы нормативтік қаулы қабылданды және жоғарыда аталған мәселелерге құқықтық тұрғыдан назар аударылғаны жөн.

 

Астана қаласының кәмелетке

толмағандар істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының төрағасы, филология

ғылымдарының кандидаты, доцент                                  

Әлқожаев Қ.Қ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.