Қазақ тілі – мемлекет болашағы

Қазақ тілі – мемлекет болашағы

Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең сұлу, ең көркем, мәнді де мағыналы тіл – қазақ тілі екені сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, біздің көкейімізге ең алдымен Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біз тегіміздің – Түркі, дініміздің – Ислам, тіліміздің – қазақ тілі екенін ешқашанда ұмытпауымыз керек!» деп  ұрпаққа салмақты ұран тастаған өсиет сөзі оралады. Тіл – асыл қазына, рухани мұра.

Мемлекеттік тілге деген қажеттілік тәуелсіздігімізден бастау алып, заман талабына сай күннен күнге артып келеді. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативті-құқықтық кесімдер мен бағдарламалар қабылданып, түрлі іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, еліміздің 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясынан бастап 1997 жылғы 11 шілдедегі «Тілдер туралы», Қазақстан Республикасының заңдарының қолданысқа енуін мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өрісін кеңейту үшін жасалған қадамдар деп қабылдаған жөн.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі әлі де ресми тілдің ықпалында, ығында болса да, әйтеуір алға жылжуда. Ұзақ жылдар бойы орыс тілі өркениетке, жақсы тұрмысқа жету құралы болды. Орыс тілін жетік білетіндерді өзіміз алға оздырып отырдық. Бүгін, кімге болса да бірден қазақша сөйлеп кетпеді  деген сыңайда өкпе артамыз. Жылдар бойы қалыптасқан адам санасын өзгерту оңай емес, кезінде орысша бір ауыз сөз білмеген қазақ орысшаны жетіскеннен үйреніп пе? Қажеттілік тудырылғаннан кейін, ұзақ саясат жүргізілгеннен кейін үйренді. Сол сияқты, қазақ тіліне деген сұраныс, қажеттілік, ешкім ештене жасамаса, өзінен өзі туа сала ма? Қазіргі Қазақстандағы басым болып тұрған орыс тілі өзінің қазақ тілінен табиғи артықшылығы арқасында басым болып тұрған жоқ. Ұзақ жылдар бойы арнайы жүргізіліп келген саясаттың жемісі екені белгілі. Сондықтан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оның шын мәніндегі мемлекеттік тілге айналдыру үшін бізге де сондай тегеуірінді саясат керек. Тегеуірінді саясат заңмен қорғала отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Заңды негізге ала отырып жүргізілуі тиіс. Тіл мәселесі айғайлап ұрандатумен немесе ту ұстап, көшеге шығумен шешілмейді. Тіл – нәзік, табиғи нәрсе, ол ұтымды жолдармен, сауатты саясатпен шешілуі керек.

Біздің міндетіміз – елдіктің ерекше бір белгісі - мемлекеттік қазақ тілінің қоғамда лайықты беделін көтеру.

Қазақ елінің отаншыл азаматы ретінде сезінетін әр адам мемлекеттік тілге деген қажеттілікті қалыптастыруға титтей болса да өз үлесін қосу керек екен.   Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын қамтамасыз етудегі алғышарттар туралы және іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізетін кадр дайындау мәселесі жөнінде сөз қозғаған кезде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тіліндей қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу қажет» - деген сөздері еске түседі. Қазір ар мен намыстың, күмән мен үміттің болашаққа деген сенімнің айрықша баламасына айналған тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық және саяси мәселе болып отыр.

Ол – елдің елдігіне, мемлекеттің мемлекеттігіне сын болатын, ұрпақ келешегі мен халық болашағының кепілі болатын аса киелі шаруа.

Елбасымыз “қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” дегенде, мемлекеттік тілдің дамуы, көп жағдайда, өз қандастарымыздың ұлттық намысы мен жігеріне байланыстылығын атап өтсе керек. Мемлекеттік қызметте жүрген қазақ азаматтары немқұрайдылық танытпай, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуге белсенді атсалысуы тиіс. Алдағы уақытта, мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты талаптар күшейтілуі керек. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір арымыз да, нарымыз да” деген сөзі болашақ ұрпақтың тіліміздің құдірет-қуатын кемітпей, оның рухын биік ұстауға шақырады.

Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол заң іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазды мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Әлі-ақ қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек.

Соңында айтарым ұлт болашағы тағдырына аса мән беріп, шын ниетпен алаңдатып отырған адамдарға алғысымызды білдіргім келеді.

 

Астана қаласы Алматы ауданының

№2 аудандық сотының бас маманы

К.М. Абильмажинова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

5 пікір

  1. аватар
    Orry 15 января 2024 08:52

    My brother recommended I would possibly like this website.
    He was totally right. This post actually made my day. You can not believe just how a lot time
    I had spent for this info! Thanks!

    Also visit my blog: Placido

  2. аватар
    Jaylene 15 января 2024 08:54

    I’m not that much of a online reader to
    be honest but your sites really nice, keep it up! I'll go
    ahead and bookmark your website to come back in the future.
    Many thanks

    My web blog Valentin

  3. аватар
    Kashif 15 января 2024 08:58

    Write more, thats all I have to say. Literally, it seems as though you relied on the
    video to make your point. You clearly know what
    youre talking about, why throw away your intelligence on just posting videos to your
    site when you could be giving us something enlightening
    to read?

    Have a look at my website :: Navy

  4. аватар
    Raechelle 15 января 2024 21:45

    I loved as much as you'll receive carried out right here.
    The sketch is attractive, your authored subject matter stylish.
    nonetheless, you command get got an edginess
    over that you wish be delivering the following.
    unwell unquestionably come further formerly again since exactly the same nearly
    very often inside case you shield this hike.

    Feel free to visit my blog post - Sullivan

  5. аватар
    Mohit 16 января 2024 03:50

    A fascinating discussion is worth comment. I do believe that you ought to publish more on this
    subject, it may not be a taboo subject but
    generally folks don't speak about these issues.

    To the next! All the best!!

    My website :: Hagan

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.