Сотың процестік әрекеттері мен шешiмдеріне шағым жасау бостандығы

Сотың процестік әрекеттері мен шешiмдеріне шағым жасау бостандығы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес тергеу судьясының қаулыларына жарияланған күннен бастап 3 күн мерзімде прокурор өтініш, ал қалған қатысушылармен жеке шағым келтіруі мүмкін, соттың қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде шағымдануға жататын болса, сот үкімі жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде, ал қамауда отырған сотталғандарға үкімді алған күннен бастап 15 күн мерзім шағымдануға жол беріледі. Осы мерзімдердің өтуі тараптардың соттың шығарған шешімімен келіспеген жағдайда қайта апелляциялық сатыда қарауға кедергі келтіреді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 31-бабының негізінде, соттың және қылмыстық қудалау органының әрекеттерi мен шешiмдерiне аталған кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. Әрбiр сотталған адамның, ақталған адамның үкiмдi жоғары тұрған сотқа осы кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар. Сонымен қатар, шағымды оны берген немесе өзінің мүддесінде шағым берілген тұлғаға зиян келтіретіндей етіп қолдануға жол берілмейді. Яғни, берілген шағым жоғарғы тұрған сот инстанциясында шағымда көрсетілген сот шешімімен келіспеушілік негіздері аясында қаралады. Және тұлғаның сот шешімімен келіспей шағымдануы оның негізгі құқығы болып табылатындықтан, шағымданушыға қандай да болмасын теріс әсер етпейді.

Сот жариялаған қаулы немесе үкімдеріне тараптардың оған шағым келтіру құқықтарын түсіндірді. Егер шағымдануға жатпайтын қаулылар болған жағдайда, осыны да ескертіп өтеді. Мысалы, мұндай қаулыларға соттың істі қарау кезінде тараптардың өтініштерін қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту сияқта уәжді қаулылары жатады.

Қортындылай келеле, соттың жасаған процестік әрекеттері мен шешiмдеріне шағым жасау бостандығы толық қамтамасыз етілген деп айтуға болады. Және де, тұлға тек соттың ғана емес, сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының да процесстік әрекеттірне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көрсетілген тәртіпке сай шағымдануға құқылы екендігін айтуға болады. Осы кодекстің ең басты тәртібінің бірін айтып өтетін болсам, шағымданушының ең басты ұстанымы шығым келтіру мерзімін өткізіп алмау.  

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

Н.С.Бөлекбаев

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.