Сот органдарының ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыздандыруы

Сот органдарының ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыздандыруы

Қазақстан Республикасының заңдарымен сот органдарының шығарған актілері бойынша тараптардың оған шағым келтіруі, прокурордың өтінішхатын жасау тәртібі мен мерзімдері бекітілген. Тараптардың соттың шығарған шешімімен келіспеген жағдайда заңмен белгіленген мерзімдердің өтуі, егер тараптардың дәлелді себептері болмаған жағдайда, шығарылған актілерге шағым келтіруге кедергі келтіреді.

Қазіргі кезде қарапайым халық заңмен бекітілген мерзімдерге көп көңіл бөле бермейтіндіктен сотқа қатысты теріс ой-пікірлері қалыптасуы мүмкін. Сол себепті арнайы заңгерлік білімі жоқ адамның көз қарасы бойынша сотпен көзделген мерзімдердің ішінде сотқа жүгініп үлгеруне қиындық тудыратындай болып көрінуі мүмкін. Алайда қазіргі уақытта заманның талаптарына сәйкес сот органдарына техникалық жетілдірулер енгізіліп жатыр. Ең негізгілерін айта кететін болсақ «сот кабинеті» сервисі, электрондық «СМС хабарламалар», электрондық «сотқа шақыру» жүйесі сервистері. Соның ішінде «сот кабинетіне» тоқталып кететін болсақ, сіз үйде отырып-ақ сотта тағайындалған істердің кестесін көре аласыз, олар бойынша шығарылған шешімдерді іздеу тетігін басу арқылы оп-оңай тауып ала аласыз, тек ең бастысы ЭЦҚ-ның болу шарт. Сонымен қатар, сотқа электронды түрде арыз беру арқылы кез-келген қажетті ақпаратты уақытыңызды үнемдеп отырып электронды түрде ала аласыз. Сот кабинеті арқылы арыз жолдасаңыз, ол бойынша ақпарат, яғни қай маманның қандай номермен тіркегені, қай судьяның өндірісіне қабылдағаны туралы мәлімет дер кезінде келіп отырады. Егер сіз сотта тағайындалған іс бойынша қатысушы тараптың бірі болып табылсаңыз сіздің ұялы телефоныңызға істің қаралатын мерзімінен 3 күн бұрын соттың мекен-жайы, істің тағайындалған күні, уақыты, істі қарайтын судьяның аты-жөні, сот отырысының хатшысының аты-жөні  туралы мәлімет СМС хабарлама ретінде келеді. Сонымен қатар, іс бойынша шығарылған қез-келген шешім туралы ақпарат төрағалық еткен судьяның төрелік желісіне сот актісін енгізген уақытынан бастап бірер минуттың ішінде сізге СМС хабарлама ретінде келіп отырады.  Сондықтан, кішігірім мақаланы қортындылай келе, қазіргі уақытта сот органдары тарапынан халықтың дер кезінде ақпараттандырылуына толық жол ашылғандығы туралы ауыз толтырып айтуға болады деп есептеймін.    

   

Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Н.С.Бөлекбаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.