Сот жүйесіндегі жаңалықтар

Сот жүйесіндегі жаңалықтар

Бірлік пен ынтымақтың, бейбітшілік пен достықтың кепілі болған Ата Заңымыз қабылданып, керегеміз кеңейіп, уығымыз бекіп, әр ұлттың мәдени құндылығын бір арнаға тоғыстырған еңсесі биік шаңырақ көтердік.

1995 жылғы қабылданған Конституция сот билігін қалыптастыруда маңызды кезеңге жол ашты. Өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырды.

Судьялардың өз ісіне адал қарауы, халық алдында ант қабылдауы және өз мәртебесін қадірлеу сынды міндеттер қабылдан Этикалық кодекс талаптарынан туындап отыр.

Елбасының жариялаған «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамы» Ұлт Жоспарымен сот жүйесінің алдында заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылған болатын.

Бүгінгі таңда сот жүйесінің алдына қойылған бұл міндеттер заңнамалық тұрғыда толығымен орындалды.

Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс, «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң қабылданды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық, Қылмыстық процессуалдық кодекстерге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді.

Жаңартылған заңнамалар халықтың сот жүйесіне деген сенімін артуға ықпал етеді. Сотта әділдік орын алуы тиіс.

Қазақстан соттарының өзекті мәселелерінің бірі – бұл сапалы судьялар корпусын қалыптастыру.

Енді заңнамалық тұрғыда судьялыққа кандидаттарды қатаң іріктеу тәртібі бектілді, кандидаттарға деген біліктілік талаптары күйшейтілді.

Сот төрелігі барынша ашық болады. Сот залдары аудио және бейне жазбалары аппараттарымен жабдықталады. Ол жазбаларды уақытша тоқтату не өзгерту мүмкіншілігі болмайды. Бұл сульялар мен сот отрысының қатысушыларын тәртіпке шақырады, сот процестері мен қабылданатын шешімдердің әділдігін қамтамасыз етеді.

Қылмыстық процесс аясында сотта айыптаушы мен қорғаушы арасында, оның ішінде сотқа дейінгі сатыда да тепе-теңдік болуы тиіс. Осы мақсатта тергеу судьяларының өкілеттігі кеңейтілді, бірқатар тергеу әрекеттері прокуратураның құзыретінен сотқа берілді.        

Қазір ғана енгзілген электрондық әдітеттілік бағдарламасының өзі ашықтық қағидасын алға бастап отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталғанна сотта шешім шығаруға дейін барлық құжаттар электронды түрде болады.

Демек, сот жүйесінің кәсіби біліктілігі жоғары мамандары мен сот майталмандары озық идеяларымен бөлісіп, түйгендерін түгендеуге мүмкіндік алып, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстардың шеңбері нақтыланбақ.

Сот саласы осы жүйені жетілдіру жолында дұрыс бағыттта келе жатыр деген сөз.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ғ.П.Нәсірдінов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.