Құқықтық нигилизм және оны алдын-алудың бағыттары
Құқықтық нигилизм - әлеуметтік нигилизмнің бір түрі, жалпы алғанда құқыққа, заңға, құқықтық тәртіпке деген жарамсыз-қарсы, сыйламаушылық қатынас.Себеп – тұрғындардың көпшілігінің заңды қадірлемеушілігі, құқықтық тәрбиесіздігі. Тұғырында қоғамға деген құқықтың қажетсіздігі жатыр. Құқықтық нигилизм - әлеуметтік қатынас өнімі, ол көп себептер және салдармен негізделген. Жекелеп алғанда, мемлекеттік қызметкерлердің құзыретсіздігі, саясаттылық және шенеуніктердің популизмі сияқты қазіргі таңдағы келеңсіз жағдайлармен тығыз байланысты. Нигилизм субъектінің өз әлеуметтік-құқықтық мәртебесімен қанағаттанбауының, оның пікірі бойынша өзінің потенциалды мүмкіндігін дұрыс бағаламауының нәтижесі.Аталған мәселе ғылыми тұрғыда да жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Ал оны зерттеуге қажеттілік әлдеқашан туындаған, себебі аталған әлеуметтік-құқықтық феномендер тәжірбиелік өмір мен адамдар санасында, саясат, мәдениет, заң шығармашылық, мемлекеттік және қоғамдық қызмет салаларында, заңгерлер арасында кеңінен таралған. Студенттер бұл жағымсыз құбылыстарының мәні, олардың зиян келтіруі, себептері, көрініс табу нысандары және оларды жою жолдары туралы хабарлар болуы тиіс.Қазіргі заманда қоғам көптеген қарама-қайшылықтармен сипаттталады.Олардың арасында құқықтық негилизмде жиі көрініс тауып жатыр. Сонымен бірге құқықтық идеализмде.Бұл екі құбылыс бір-біріне қарама қайшы құбылыс.Олар қоғамда қатар әрекет етуде және бірлесе отырып құқықтық мәдентетсіздікке жағдай жасауда.
«Нигилистік көзқарастар әр кезде өзіндік реңктерге ие болып, сол заманның сипатына сай қалыптасып отырды. Орта ғасырларда христиан дініне қарсы еретиктерді нигилистер деп қуғындаса, 18-19 ғасырларда өмір сүріп тұрған қоғамдық жүйені мойындамай, оған қарсы шыққан нигилистер осы бағытта нақты іс-әрекет жасаумен көзге түсті. Тіпті, бұл қарсылық түптің түбінде қалыптасқан режимді құлатуға алып келді, мысалы, большевиктердің патшалық билікті құлатып, өз үстемдігін орнатуы да сол кезеңде нигилист аталған тұлғалардың (халықшылдардың) идеяларынан бастау алған. Бұл ағымдағы нигилистер негізінен басты идеялар ескіріп, жаңасының туа алмай жатқан тұстары қолдауға ие болып, табысқа жетуі кездейсоқ емес. Бірақ, нигилизм көбінесе бұра тарту, ешкімді де, ештеңені де құрметтемеу, дүниедегінің бәрін мансұқтау, антиәлеуметтік көзқарас іспетті көріністерге ие болды.
Қазіргі қазақстандық қоғамда бұрынғы кеңестік идеалдар әлі де түбірімен жойылған жоқ (әсіресе, сол кезеңде билікте қызметте болғандар арасында) батыстық либерализмды жақтаушылар бар. Бірақ, олар азшылық және кезіндегі батысқа тән нәрсенің бәрін іріп-шіріген, бұзылған деп қабылдау әлі де басым, оған қоса бұл көзқарас қазіргі батыс елдеріндегі адам бостандығына құрметтің шарықтау шегіне жетіп, адамның кез-келген тілегіне қайшы келу оның құқығын таптау деп танылуына байланысты бір жынысты некеге рұқсат беру, азаматтық некенің құпталуы, бала туудың азаюы (өйткені, баланы дүниеге әкелу аса зор жауапкершілік, оған қалай болса солай қарауға болмайды, оны толыққанды тәрбиелей алмасаң, бала туу жауапкершілігін мойныңа алу жөн емес), сөйтіп осының бәрі отбасы институтының дағдарысы ретінде қабылдануы одан сайын батысқа деген теріс көзқарасты күшейте түсті. Ал, дәстүрлі қазақи дүниетанымдағы адамдар ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін негізінен ауылда туған ұрпақ арасында сақталуда, міне, солар бүгінгі күні барша қазақилық атаулының иесі, ұстанушысы,насихатшысы,жоқтаушысыболды.
«Бүгін біздер қазақстандық жас ұрпақтың тұтас бір буынының ұлттық құндылықтарды мойындамауы, жат тілде сөйлеуі, дәстүр-салтты ұстанбауы, ұлттық музыканы (эстрадалық емес) қабылдамауы, оны түсінбеуі, сөйтіп жаһандық стандартталған мәдениет үлгісінің жетегінде кетуі құбылысына тап болдық. Бұлар – ұлттық тәрбиеден тыс қалған ұрпақтың екінші буыны, олардың ата-аналары кеңестік тұста орысша құндылықтармен өсіп, білім алғандар. Бұл жастар қазақтың дәстүрлі құндылықтарын мүлдем түсінбеуі, бала кезінен бойына дарытпауы осыдан. Ал, осы жастардың өздерін түсінетіндер бар ма, жоқ па, бұл оларға қызықты емес.
Қазіргі біздің қоғамда құқықтық нигилизм өршіп тұр. Бұл бір жағынан, билік органдарындағы коррупцияға қарсылықтың бір түрі, ал, екінші жағынан, құқықтық сананың артта қалғаны, кемістігі, жарымжандығы. Жүздеген жылдар бойы «Жеті жарғы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» іспетті ата заңдарымызға бағынып, дала демократиясымен өмір сүрген халықтың жүз жылда құқықтық нигилизмге тап болуы ең алдымен отаршылдықтың салдары. А.И. Герцен Ресейде өмір сүре тұрып, заңды бұзбау мүмкін емес деген екен: «Русский, какого бы звания он ни был, обходит или нарушает закон всюду, где это можно сделать безнаказанно; совершенно так же поступает и правительство». Патшалық және большевиктік отарлау заңды айналып өтудің әдіс-тәсілдерін зорлықпен, қулықпен санаға шегелеп, кіргізіп кетті. Бір кездегі ең намысты халықтың сүйегіне сіңіп, әлі де құтыла алмай келе жатқан дерті, бұл. Қазіргі шенеуніктердің заңды жайына қалдырып, құқықтық ережелерді белден басуы, жеке бас мүддесіне қолдануы – мемлекеттік биліктегі элитаның саяси нигилизмі. Құқықтық нигилизмнің көріністері күнделікті өмірімізде берік орныққаны соншалық, Заңды орындамау әдетке, мінез-құлыққа, өмір салтына айналып бара жатыр ма, қалай?!. Халық байлығының халыққа қызмет етпеуі, тоналуы, әлеуметтік теңсіздік (мысалы, байлар мен жалпы бұқара халықтың жағдайы арасындағы айырмашылық бізде 30 еседен асады, ал, негізінде бұл көрсеткіш 5 еседен аспауы тиіс, мысалы Еуропа елдерінде – 4,8 есені құрайды), тәртіпке бағынбау, ұйымдасуға мойынұсынбау сынды әлеуметтік ауруларға алып келеді. Бүкіл халықтың үштен бірін құрайтын, өмір сүру үшін ең маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмай отырған, абсолютті кедейлік шегіндегі тұрғындардан қандай рухани-мәдени құндылықтарды талап етуге болады? «Сананы тұрмыс билейді», бізде бүгін жеңілтек ойын-сауық пен эстрадалық шоулардың дәурені жүріп тұр. Қарапайым адамның құқығы кез-келген жерде – жұмысында, мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда, көшеде тапталып жатса не жорық. Бірақ, әзірге өз намысын, адамдық қадір-қасиетін қорғап заңға жүгіну уақиғалары некен-саяқ және оның нәтижелі аяқталатынына да күдік мол.
Көптеген адамдар өмірде мән-мағына жоқ деп торығады, не үшін өмір сүреміз, не істеу керек, ол істе мағына бар ма, нәтиже шыға ма, өмірде ең бастысы не деген сұрақтарға шектен тыс беріліп, шарасыздыққа тап болады. Бұл белгісіздік алдындағы шарасыздық. Ескіні қабылдағысы келмейді, жаңаны жасауға шамасы жоқ. Осылай нигилист үшін ең жоғары құндылықтардың құнсыздануы оның мінез-құлқын, дүниені сезіну формасын қалыптастырады. Айталық, бүлікшілдік те нигилистік көзқарас. Кезінде нигилистер дінге қарсы шықты, атеизмді насихаттады, қоғамдық құрылысты өзгерткісі келді. Сол үшін олар қудаланды, отқа жағылды, кейбір кезде мақсаттарына қол жеткізді, бірақ, еш уақытта нигилизм оң қабылданған емес және қабылданбайды да. Өйткені, нигилист үшін кие жоқ. Ешкім оған тұлға емес. Нигилизмнің түбі – тұңғиық, түпсіздік, хаос, бұзылу.
Астана қаласы Алматы аудандық
сотының бас маманы
Сембеков М.
[xfvalue_img]
28 пікір