Қытай азаматтары ұшақ ернеуінде ақша ұрлады
ҚХР-ның азаматтары Д. және Л. «Бейжің - Астана» рейсі ұшу барысында С-ның 2700 АҚШ доллар көлемінде ақша қаражаттарын жасырын ұрлап, бір доллар купюраларымен алмастырып қойған.
Сот талқылауында жәбірленуші мен сотталушылардан қылмыстық істі қысқарту туралы медияциялық келісімі түскен.
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-тің 188-бабының 2-бөлігінің 1 тармағы бойынша (ұрлық) ҚХР азаматтарына қатысты қылмыстық іс тараптардың келісімі мен келтірілген залалдың толтырылуына байланысты қасқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]
19 пікір