Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі

Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі

Мемлекеттік қызмет – өте жауапты қызмет болып табылады. Сондықтан, олардың ар намыс кодексінің болуы белгілі жағдай. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Этикалық кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтуге, мемлекеттік қызметте жоғары мәдениеттілік қарым-қатынастарын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтамау секілді жағдайлардың алдын-алуға бағытталған.

Кодексте мемлекеттік қызметшінің өзін ұстауының жалпы стандарттары бекітілген.

Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдігін, ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға ықпал етуге міндетті.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. Кез келген дамыған мемлекет­тер­дегі сияқты, Қазақстандағы мемле­кеттік қызмет те адамгершілікпен, этикамен тығыз байланысты, сондықтан, мемлекеттік қызметшілер біздің аза­маттарымыздың өміріне зор ықпал етеді. Көптеген жағдайларда осындай тұлғалар адамдардың күнделікті өмірі үшін маңызы зор шешімдерді, сонымен бірге, олардың құқықтарын және бостандықтарын іске асыру барысында азаматтардың өтініштерін мақұлдауды, қабылдамауды немесе өзгертуді қабылдай алады.

Демократиялық қоғам мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері мен тәртіп­тері мінсіз болуы үшін қалтқысыз қа­рекет жасауға тиіс. Дамыған мемлекеттер мемлекеттік қызметшілердің этика мәселелерін және тәртіп кодек­сін жыл сайын маңыздылығы арта түсетін салалар деп мақұлдады және мақұлдап келеді де. Бұл жерде біздің еліміз де өзгелерден ерекше болып табылмайды. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамға қызмет ететін кәсіптік, әділ және адал мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жолында нысаналық және жүйелі жұмыстарды жүргізіп ке­леді. Мемлекеттік қызметшілердің эти­калық тәртіптерінің құқықтық ба­засы Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығы шыққан кезден өз жұмысын ойдағыдай жолға қоя бастады. Мем­лекеттік қызмет институтының одан әрі даму жолы «Барлық қазақстан­дықтардың әл-ауқаты – гүлдену, қауіп­сіздік және жақсару» атты Қа­зақстан Республикасының Пре­зиден­ті Н.Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына жыл сайын­ғы Жол­дауындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықтардың бірі ретінде анықтал­ған болатын. Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуi тиiс. Егер мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйектi, ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнiнде қажеттi шаралар қолдануы тиiс. Қажеттi шараларға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттiк орган басшылығын хабардар ету жатады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, ақпарат алғаннан кейiн мемлекеттiк органның басшылығы олар бойынша, оның iшiнде, егер оның iс-әрекеттерiнде мемлекеттiк қызметшiнiң қызметiн одан әрi жалғастыруға терiс ықпал ететiн заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттiк қызметшiнi заңсыз қудалаудан, оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдайды. Мемлекеттiк қызметшiлер қарапайымдылық танытуға, көлiк, сервистiк және өзге-де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбауға тиiс. 

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы Г.Кабыкенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.