Сот өндірісіндегі ақпараттық технологиялардың  жетістіктері

Сот өндірісіндегі ақпараттық технологиялардың жетістіктері

Қазіргі заманғы сот жүйесі ақпараттық ашықтық саясатын ту етіп, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды сот ісін жүргізу барысында пайдалануды қолға алды.

Ақпараттық технологиялардың дамуы орталықтанған бірегей жүйенің жұмыс жасап, халықтың мемлекет ұсынып отырған қызметтеріне қолжетімділігін арттырады. Жалпы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамдардың өміріне ықпал етуі заман талабы болып табылады.

Сот жүйесі заңдылықтың қайнар көзі болғандықтан, қоғам дамуының бұл бағытынан тыс қалмады.

Республика судьяларының VI, VII съездерінде Елбасы сот  жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмаларды алға тартқан болатын.

Бүгін республика бойынша барлық соттарда электронды сот төрелігі қызмет атқаруда. Ақпараттық технологиялар сот өндірісінің жаңа серпінмен дамуына әсер етіп, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігінің жаңа деңгейін қалыптастырды.

Елбасының 100 нақты қадам - Ұлт жоспарында берілген тапсырмалардың бірі – сот залдарында сот отырыстарын міндетті аудио-бейне таспаға жазатын құралдарды енгізу айтылған. Астана қаласында орналасқан барлық соттар қазіргі уақытта 100 %-ға аудио-бейне таспаға жазатын құрылғылармен қамтылған. Осы бағыт заңмен бекітіліп, қылмыстық-процестік кодекстің 347-1, азаматтық-процестік кодекстің 282 баптарымен көзделген. Яғни, барлық сот отырыстарының аудио-бейне таспасы сот талқылауын толыққанды жазу, азаматтық, қылмыстық сот өндірісінде, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сот өндірісіндегі нақты дәйектерді анықтау мақсатында қолданылады.  Әрі бұл бағыттағы жұмыс сот отырысына қатысушы жақтардың тәртіпке келуін реттейді. Кез-келген даулы мәселе туындаған жағдайда тараптар аудио-бейне таспаны талап ете алады.  Сондай-ақ, сот отырыстарын аудио-бейне таспаға жазу арқылы судьялар мен сот мамандарының атына келіп түсетін орынсыз айыптаулардан арылуға мүмкіндік туды. Сот отырыстарының хатшылары уақыттарын үнемдеп, ұзын-сонар хаттамалар жазудан, ең бастысы қағазбастылықтан арылды. Сот жұмысына және жаңа азаматтық-процестік кодекске енгізілген жаңашылдықтар сот өндірісін автоматтандырып, сот төрелігін іске асыруды жеңілдетіп, жүйеледі. 

ҚР Жоғарғы Сотпен 2014 жылы енгізілген «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі де бүгінде табысты жұмыс жасап жатыр. Бүгінде осы сервис арқылы 2 миллионнан астам арыз, өтініштер сотқа тапсырылған. Сервис халықтың уақытын үнемдей отырып, ғаламтор көзіне қосылған кез-келген әлемнің нүктесінен сотқа онлайн жүгінуімен тиімді болып отыр. Аталмыш сервис сот органдарының «Төрелік» ақпараттық сервисімен тікелей байланыстырылған. Судья  сот актілеріне электронды санды қолтаңбасын қол қойған жағдайда  сот шешімдері «Сот кабинеті» сервисіне жүктеледі. Сервис қолданушылары іс бойынша сот өндірісін бақылап, электронды сот актілерімен танысып, оларға шағым түсіре алады, басқа да өтініш-талаптар ұсынып, өзіне іс бойынша қажетті барлық мәліметтерден хабардар болады.  Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» сервисіне сот отырыстарының аудио-бейне таспаларын алу қызметі де қосылды.

   Сот жүйесін оңтайландыру мен қолжетімділігін арттыру мақсатымен Жоғарғы Сотпен енгізілген сервистер соттардың ресми сайттарында орналастырылған. Яғни, «Сотқа шақыру қағазы», «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестесі» және т.б. сервистер толығымен халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

   Ал уақыты тығыз немесе интернетке қолжетімсіз азаматтар үшін елорданың Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандық соттарында электронды санды қолтаңбамен қамтамасыз ететін арнайы көмек көрсету бөлмелері ашылды. Мұнда халыққа қызмет көрсету орталығының арнайы мамандары сотқа келген азаматтарды электронды санды қолтаңбамен қамтып, сот мамандары оларға «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс жасау жолдарын түсіндіреді.

  Сонымен қатар, «Төрелік» сот органдарының ақпараттық сервисі атқару өндірісі органдарының ақпараттық  жүйесімен жүйеленіп,  заңды күшіне енген сот актілерін орындау мақсатында берілетін орындау парақшалары қазіргі таңда электронды түрде сот орындаушыларына жолданады.   

 «Төрелік» сервисі арқылы әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің сақтандыру компанияларына электронды түрде жолданатынын да атап өткен абзал. Жол-көлік оқиғаларына тап болған адамдардың уақыттары үнемделіп, оларға сот тарапынан қызмет көрсету онлайн түрде жүзеге асады.

   Соттармен ақпараттық технологияларды қолданудағы тағы бір жетістік ретінде сот отырыстарын қашықтықтан бейнеконференц байланыс арқылы өткізу мүмкіндігін атап өтуге болады. Адам факторымен байланысты көптеген жағдайда, сот отырыстарын созбалаңға салмай, уақытылы қарау мүмкіндігі тиімділігін көрсетті. Бұл тергеу изоляторы мен бас бостандығын айыру орындарында отырған сотталушылар мен сотталғандарды сот ғимаратына әкелмей, қашықтықтан сот отырысын өткізудің таптырмас оңтайлы құралы бола білді.

   «Сот кабинеті» сервисінде орналасқан «Талдау» форумының іске асырылып, жұмыс жасап жатқанына да көп уақыт болған жоқ. Осыған қарамастан аталмыш сервис жұмыс барысында тиімділігін көрсетті. Бұл форум судьялар жұмысын анағұрлым жеңілдетті. Сот төрелігін іске асыру барысында  судьялар өндірісіндегі істер бойынша аталмыш санаттағы істерге қатысты сот практикасының қорытуы мен Жоғарғы Соттың нормативтік актілері жүйеленіп, көмекке келеді.

   Сот актілерінің қолжетімділігі мен ашықтығын айқындайтын, құқықтық жүйемен қамтылған сервистер сотқа қатысушы жақтардардың, адвокаттардың өздеріне қажетті ақпараттармен қамтылып, жалпы халықтың құқықтық мәдениетінің артуына септігін тигізді.

   Сот жүйесіне енгізілген ақпараттық – технологиялық сервистердің бүгінгі көрінісі азаматтардың, жалпы қоғамның жүйелі негізде құқықтық мүдделерін іске асырудың таптырмас құралына айналғанының айқын көрінісі болып табылады.

 

 Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы

 Ботагоз Баянова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.