Сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялардың бағдары

Сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялардың бағдары

Цифрлық технология дамыған заманда құжат айналымның онлайн жүйесі қай салада болмасын өзінің ыңғайлылығымен, дербестігімен айқындалады. Осы бағытта әрине электронды үкімет порталы мемлекеттің халықпен қарым-қатынас жұмысының сапасының артуына ықпал етіп, тиімді, ашық әрі, азаматтарға қолжетімді бола түсті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев судьялар қауымдастығының VІ съезінде соттардың ашықтығы мен обьективтілігін айқындайтын электронды инновациялық жүйені енгізуді және сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Бүгінде республика соттарында сот төрелігін іске асыру процесін анағұрлым жетілдіруде, сот қызметіне интернет арқылы қол жеткізуде және сот  процесінің анықтығын қамтамасыз етуде ықпал ететін жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып келе жатыр.

Ал сот жүйесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологиялар электронды инновациялық сот төрелігін атқарумен ұштасады. Бұл сот қызметінің ашықтығы мен жариялылық қағидатын ұстанып, халықтың сотқа деген қолжетімділігі мен сенімін арттыруға өз септігін тигізеді.

Бүгінгі технология дамыған заманда қағазбастылық мәселесі электронды үкімет жобасының арқасында халықтың пайдасына қарай шешілді.

Елбасымен айқындалған «100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде сот жүйесінің алдына бірқатар тапсырмалар қойылды. 100 қадамның 20-қадамына сәйкес, барлық сот процесстерін бейне-дыбыс таспаға жазу шараларын енгізу міндеттелген болатын. Бейнетаспаны монтаждау мен өзге әрекеттер жасауға жол берілмейді. Өйткені сот процесі басталған уақытта бейнежазу құрылғысы іске қосылып, сот процесінің басталған және аяқталған уақыты толық көрініп тұрады. Бұл сот процестерінің белгіленген уақытта кешіктірілмей басталуына ықпал етіп, сот істерінің созбалаңға салынуына тыйым салудың кепілі болып табылады.

Қазіргі таңда елордалық соттарда барлық сот отырыстары 100 пайызға бейне-дыбыс таспаға жазу құрылғыларымен қамтылған. Яғни, сот отырыстары жазылған дыбыс-бейне таспамен сотқа қатысушы жақтар таныса алады, әрі оны талап ете алады. Бұл бағыттың өзі әрбір сот отырысының ашықтығын айқындайтын фактор іспеттес. Азаматтық және қылмыстық процессуалдық заңнамаларда бұл бағыт жөнінде арнайы норма қарастырылып, аталмыш үрдіс заңмен көзделген.

Сондай-ақ, сот жүйесін қолжетімді ету және оны оңтайландыру мақсатында Жоғарғы Сот 2014 жылы «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін іске қосты. Сондай-ақ, жергілікті соттардың интернет-ресурстарында азаматтар үшін қолайлы атты «Сот құжаттарымен танысу», «Сотқа шақыру қағазы», «Сот істерін қарау кестесі» бірқатар сервистер іске қосылып, бүгінгі таңда халыққа қызмет атқаруда. Аталған  сервистер арқылы азаматтар онлайн режимде электрондық түрде талап арыз бере алады және сот актісімен жедел түрде таныса алады.

«Сот құжаттарымен танысу» сервисі ашықтық пен жылдамдықты қамтитын электронды сот құжаттарымен танысуға арналған. Яғни, сотқа талап арыз өткізген азамат қолма-қол құжаттың тіркелгендігін растайтын түбіртекті алады. Соңынан ұялы телефоны арқылы логин мен құпия сөз көрсетілген электронды хабарлама алып, сол ақпараттарды енгізу жолымен шығарылған сот актісімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Электрондық ақпараттық сервистер бүгінде сотқа қатысушы тараптардың, адвокаттардың сұранысына ие болып, бұқара халықтың кең қолданысында отыр. Бұл бағытты жетілдірудің өзі азаматтардың құқықтық мәдениетінің жетілуіне, олардың өздерінің конституциялық құқықтарын еркін пайдаланып, құқықтары мен бостандықтарының сақталауы, қорғалуына көп көмек береді.

Сандық электронды қолы бар әрбір азаматтары уақыттарын үнемдей отырып, кез-келген уақытта интернет желісі арқылы талап арыздарын, шағым мен наразылықтарын жолдай алады. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатымен, істің тарихымен, өзге де деректерімен танысып, сот актісін басып шығара алады.

Бұл сот саласындағы жүргізіліп жатқан тың реформалар мен жаңашылдықтар құқықтық саясаттың басты қағидаттарын басшылыққа алып, мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сай жасақталған сот жүйесі қалыптасып, тұтастай алғанда толық қанды жұмыс атқарып келеді.

Электрондық озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот мәжілісінің хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімділігі мен сенімін арттырады.

Заманауи ақпараттық технологияны сот жүйесіне енгізу және оны одан әрі жетілдіру сөзсіз сот билігінің беделін жоғарылатуда, халық сенімін арттыруға септігін тигізеді.

Тәуелсіз жылдар ішінде сот жүйесінің тұрақты іргетасы қаланып, сот төрелігін іске асыру сапасының жақсарып, халықтың сотқа деген сенімі артып келеді.

Электронды озық технологияларды қолдану сот қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек. Бұл ақпараттық-электрондық жүйелер сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай,  қағазбастылықтан арылып, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, әрі сот жүйесінің анағұрлым ашықтығы мен қолжетімділігіне мейлінше қол жеткізуге ықпал етеді.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы

Б.Ж. Есенов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

14 пікір

  1. аватар
    Jim 24 августа 2024 06:46

    ноют ноги во время сна двойка денариев значение к чему снится ехать в машине пассажиром, ехать в машине с мужчиной во сне исламский сонник
    как определять знак зодиака на стыке имя сафия на арабском, сафия имя какой национальности

    Here is my blog post: гексаграмма 49 карусель

  2. аватар
    Taylah 25 августа 2024 08:30

    как часто можно гадать на таро одному человеку,
    что будет если часто гадать на одного человека мэттью макк чему снится перерезать горло людям ножомонахи зодиака знак к чему снится родить тройню девочек
    если мне снится девушка что это значит к чему снятся полеты в
    космосе

  3. аватар
    Fred 4 сентября 2024 04:00

    до чого сниться таргани жінці багато живих
    великих і маленьких курулген гороскоп переклад
    словник гусениця на голові гороскоп на січень для всіх знаків зодіаку

    Check out my site :: навести
    порчу словами

  4. аватар
    Bridgette 17 сентября 2024 20:56

    отанға алғыс айту тақпақ, алғыс айту ұстазға тақпақ
    femto lasik, femto lasik отзывы тембр деген не мысал, дыбыс
    қаттылығы қандай физикалық шамаға тәуелді болады қол жуу туралы нақыл сөздер, тазалық туралы әндер

    My page үнемделген қаражат қалай жұмсалады

  5. аватар
    Hamish 18 сентября 2024 00:06

    гороскоп бойынша 1979 жылға қарай жыл кинотеатр гранд щучинск афиша на завтра, гранд
    парк алматы кинотеатр расписание қайтыс болған құрбыма арнау, жан құрбыма алғыс біз жетімдерміз
    мұқағали мақатаев, мұқағали мақатаев өлеңдері

    my homepage 57 бұйрық 10 қосымша скачать

  6. аватар
    Holley 4 октября 2024 21:40

    итальянская обувь бренды, обувь
    онлайн почтовые марки ссср цена,
    цены на почтовые марки ссср 1970 куплю б/у холодильник
    недорого, кому продать холодильник б/у танцевальные конкурсы шымкент, танцевальные конкурсы астана

    Stop by my website вешалки
    для одежды зета

  7. аватар
    Bridgette 7 октября 2024 22:35

    ту туралы өлең скачать, көк ту туралы өлең
    неге мені сүйсең басқаға қарайсың,
    жаным мені жалғыз қалдырма скачать шығыс қазақстанда
    не өндіріледі, шығыс қазақстан табиғи
    ресурстары как оформить доверенность в
    казахстане, доверенность
    гк рк

    Also visit my homepage: учебник по философии мгу

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.