Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапкершілік
Елімізде бүгінгі таңда қазіргі заманға сай сот-құқықтық реформалары қарқынды жүзеге асырылуда. Сот жүйесін реформалауда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының маңызы зор болып табылады. Жүйелі және нақты реформалар жүргізілуде. Бұл ретте сот жүйесінде құқықбұзушылықты болдырмау, алдын-алу басты назарда болып саналады.
Сот жүйесінің құқыққа сай ең басты мәселелерінің бірі – ол сот процесіне қатысушы азаматтардан сотта арнайы белгіленген тәртіп, ережелерді қатаң сақтау болып табылады. Сотта белгілі бір істі қарау барысында кедергі жасау, сотқа және төрағалық етушінің өкімдеріне құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер білдіру, сот отырысының тәртібін бұзу деп танылады. ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабында сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапкершілік көзделген. Атап айтсақ, сот процесіне себепсіз келмеу, жалтару, сот мекемесінде немесе сот мәжілісі кезінде сотқа қатысушы азамат, судьяны яғни төрағалық етушінің заңды өкіміне бағынбай, ережелермен талаптарды бұзса, судьяның жеке қаулысымен немесе сот приставының хаттамасына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бұл жауапкершілікке сай қаулы бойынша айыппұл салыну немесе ескерту түрінде болуы мүмкін. Сондықтан заңда көрсетілгендей сот процесіне қатысушылардан мемлекеттік сот билігі институты ретінде сотты құрметтеуін талап етеді.
Есіл аудандық №2 сотының
аға сот приставы
Н.Б. Байсеитов
[xfvalue_img]
22 пікір