СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысушыға қатысты сот үкімі шықты

СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысушыға қатысты сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қашықтан жасалған интернет-алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп, оның нәтижесінде қылмысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімінің шығарылуын қамтамасыз етті. 

Алаяқтар Петропавл қаласының тұрғынына банк қызметкерлері ретінде хабарласып, оның банк шотындағы қаражатқа бөгде адамдар қол жеткізгенін айтқан. Олар ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару арқылы қорғау қажет деген желеумен жәбірленушіні несие рәсімдеуге және алынған қаражатты өздері көрсеткен есепшотқа аударуға көндірген. 

Осыдан кейін қылмыстық схеманың қатысушыларының бірі көршілес Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласында банкомат арқылы жәбірленушіге тиесілі 2 миллион 860 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, кейін ұрланған қаражатты криптовалютаға айырбастаған. Ол атқарған «қызметі» үшін ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырған. Ізін жасыру мақсатында банкомат жанында медициналық бетперде мен кепка киіп жүрген. 

Алайда бұл әрекеттері көмектеспеді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Павлодар облысының 21 жастағы тұрғыны. Сот оның заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру міндетін әдейі орындағанын анықтады. Мамыр айының соңында шығарылған сот үкіміне сәйкес, рақымшылық жасау туралы заңның қолданылуына байланысты оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот оны жәбірленушіге келтірілген 2 790 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді. 

Полицейлер азаматтарға ескертеді: банк қызметкерлері де, құқық қорғау органдарының өкілдері де ешқашан несие рәсімдеуді, ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды немесе қандай да бір қаржылық операцияларды орындауды талап етпейді. Осындай қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе полицияға өзіңіз хабарласу қажет. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Lorraine Бүгін, 06:26

    HD-Streams, bekannte Provider und ein insgesamt modernes Layout sorgen dafür, dass sich das Angebot nicht wie ein reiner Slot-Katalog anfühlt.
    Genau das ist selten und macht die Aktion fast wertvoller
    als den Startbonus selbst. Das ist nicht komplett selbsterklärend, aber
    insgesamt immer noch deutlich vernünftiger als viele
    Angebote, die mit riesigen Bonuszahlen locken und dann an 35x
    oder 40x scheitern.

    References:
    Instant Casino 2-Faktor-Authentifizierung

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.