«Банктік схемасы» — негізгі қауіп: СҚО-да 5 миллион теңгеге жуық интернет-алаяқтық фактісі тергелуде

«Банктік схемасы» — негізгі қауіп: СҚО-да 5 миллион теңгеге жуық интернет-алаяқтық фактісі тергелуде

«Сіздің атыңызға несие рәсімделіп жатыр!» «Белгісіз адамдар сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізді!» Осындай жалған мәліметтерді интернет-алаяқтар жәбірленушілерді үрейлендіріп, өз нұсқауларын орындату үшін қолданады.

Осындай жағдай Петропавл қаласының тұрғынымен болған. Оған WhatsApp мессенджері арқылы өзін «Egov қызметкері» деп таныстырған адамдар қоңырау шалып, белгісіз тұлғалар оның жеке кабинетін бұзды деп хабарлаған. Олар деректерді «нақтылау» және банк қосымшаларына кіруді қалпына келтіру сылтауымен sms-хабарлама арқылы келген кодты айтуын талап еткен.

Кейін жәбірленушіге өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адам бейнеқоңырау арқылы хабарласып, әртүрлі банктерде оның атына белсенді несие өтінімдері тіркелгенін айтқан. Аталған өтінімдерді «тоқтату» үшін азаматқа өз атына дәл сондай несиелер рәсімдеп, алынған қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін түсіндірген. Алаяқтардың талаптарын орындау нәтижесінде петропавлдық тұрғын 5 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұрланған қаражатты тікелей алған дропперлердің есепшоттары бұғатталды, полиция олардың иелерін анықтауда. Бұл жәбірленушіге келтірілген залалды азаматтық тәртіппен өндіріп алу мүмкіндігін береді.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 563 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді, олардың 407-сі кибералаяқтардың нұсқауымен несие рәсімдеуге байланысты.

Естеріңізде болсын: ешбір ресми тұлға сізден қаржылық операциялар жасауды, несие рәсімдеуді немесе қаражатты көрсетілген есепшотқа аударуды талап етуге құқылы емес. Sms арқылы келген кодты айтуды сұраған немесе ақша аударуға көндірген тұлғалардың барлығы — алаяқтар.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері Egov порталында қолжетімді несиелерден ерікті түрде бас тарту қызметін пайдалануды ұсынады. Бұл интернет-алаяқтықтан қорғанудың сенімді тәсілдерінің бірі. Қазіргі таңда аталған қызметті 255 мыңнан астам адам, яғни СҚО тұрғындарының шамамен 53,5%-ы пайдаланды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.