Петропавлда балалардың құқықтарын қорғау және сот шешімдерінің орындалуы мәселелері талқыланды

Петропавлда балалардың құқықтарын қорғау және сот шешімдерінің орындалуы мәселелері талқыланды

https://youtube.com/shorts/I_T6fGywsas 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде судьялардың, прокурорлардың, әділет органдары өкілдерінің және жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте сот актілерінің орындалуы, алимент өндіру және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139 және 430-баптары бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру тәжірибесі талқыланды. Негізгі назар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға аударылды. 

Кездесуді ашқан СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков алименттің уақытылы төленуі – балалардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі екенін атап өтіп, бұл бағыт ішкі істер органдары қызметінің басым міндеттерінің бірі болып қала беретінін айтты. 

2026 жылдың алты айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеуден жалтару) бойынша 7 қылмыстық іс, ал 430-бабы (сот шешімін орындамау) бойынша 4 қылмыстық іс сотқа жолданды. 20 шілдедегі жағдай бойынша облыс полициясының өндірісінде аталған санаттағы тиісінше 5 және 6 қылмыстық іс бар. 

СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сергей Табарин сот орындаушылары дайындайтын материалдардың сапасына, борышкерлерді жеке хабардар етудің міндеттілігіне және оларға қылмыстық жауаптылыққа дейінгі құқықтық салдарды түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. 

Кеңеске қатысушылар өзге өңірлердің оң тәжірибесін зерделеп, оны облыста қолдану мүмкіндіктерін талқылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында сот шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар әзірленді. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.