СКО-да полицейлер есірткі сату күдігімен әйелді ұстады
https://youtube.com/shorts/zNtCJcPOdeo?feature=share
Петропавл қаласының шетінде полицейлер «қалта» әдісімен синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілінген 48 жастағы әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оның сөмкесінен қызғылт түсті кристалл тәрізді зат салынған 15 түйіншек тәркіледі.
Кейін ұсталған әйелдің көрсетуі бойынша бұған дейін жасырып кеткен «қалталар» анықталды. Тәркіленген синтетикалық психотроптық зат — α-PvP — жалпы салмағы 40 грамға жуық болды. Бұл шамамен 300 бір реттік дозаға тең.
Аталып өткен дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жедел ақпаратқа сәйкес, әйел есірткі сатумен тамыз айынан бері айналысқан. Әдетте «қалталаушылардың» көбі мұндай заңсыз әрекетпен үш айдан артық айналыса алмайды.
Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі сату күдігімен 132 адам, соның ішінде 13 әйел ұсталды. Полицейлердің айтуынша, әрбір азамат есірткінің таралуына қарсы күреске өз үлесін қоса алады. Есірткі қылмысына қатысты кез келген дерек туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына 8 (7152) 39-41-93, WhatsApp нөміріне +7-707-500-95-65 немесе Instagram желісіндегі аталған басқарманың Direct бөліміне: upn_dp_sko хабарлауға болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
