«Заң мен тәртіп» – шабыт көзі: СҚО-да полицейлер «Жас сақшы» сыныбының концертін тамашалады

«Заң мен тәртіп» – шабыт көзі: СҚО-да полицейлер «Жас сақшы» сыныбының концертін тамашалады

Петропавл қаласындағы №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің оқушылары «Жас сақшы» сыныбының салтанатты іс-шарасы барысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын өз түсініктері арқылы шығармашылықпен жеткізді. Шараға мектеп әкімшілігінің шақыруымен «полицейлік сыныптың» қамқоршылары – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аппаратының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Сахнада түрлі сынып оқушылары өнер көрсетті, ал бағдарламаның шарықтау шегі «Жас сақшы» сыныбының қойылымы болды. Жарқын концерттік нөмірлер арқылы оқушылар патриотизм идеяларына, көпұлтты Қазақстанның бірлігіне және заңның үстемдігіне адал екендерін көрсетті. «Туды өз өмірімізден жоғары қоямыз. Ар-намыс үшін бәрін де аямаймыз», – деп атап өтілді болашақ полицейлердің өнер көрсетуінде.

Бүгінде СҚО-да полицейлік бағыттағы «Жас сақшы» атты 4 сынып құрылған. Бұл сыныптарда оқитын оқушылар дене шынықтыру даярлығынан өтіп, заңнама негіздерімен танысады, қызметтегі полицейлердің жетекшілігімен полиция қызметінің қыр-сырын меңгереді. Мұның бәрі болашақта құқық қорғау органдарындағы қызметке берік негіз болмақ.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.