Таразда полицейлер мен волонтерлер үйлердің қабырғаларын есірткі жарнамаларынан тазартты

Таразда полицейлер мен волонтерлер үйлердің қабырғаларын есірткі жарнамаларынан тазартты

Жамбыл облысында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ өкілдерімен, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелерімен және волонтерлермен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты акция өткізді. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді.

Қатысушылар тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сату туралы ақпарат беретін тыйым салынған интернет-ресурстарға сілтемелер бар граффити-жазбаларды өшірді.

Қазіргі уақытта аталған интернет-сайттар бұғатталды. Осындай жазбаларды жасаған және таратқан тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Есірткі заттарын насихаттайтын немесе олар туралы заңсыз жарнама тарататын граффитилер салу — Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша қылмыс болып табылады. Бұл бапқа сәйкес, кінәлі тұлғалар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал қылмыс алдын ала сөз байласқан адамдар тобы тарапынан жасалса – 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар, есірткі заттарын «жасырын салымдар» (закладка) арқылы таратумен айналысатын тұлғалар ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша жаза 5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, ал егер есірткі оқу орындары аумағында сатылса – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Егер сізге есірткі сақтау, сату, притондар ұйымдастыру, қабырғаларға граффити жазу немесе интернет арқылы есірткі тарату фактілері белгілі болса, бұл туралы анонимді түрде Telegram-бот «Narko Shekteu Taraz» немесе 102 нөмірі арқылы хабарлаңыз. Құпиялылық сақталатын болады.

Жамбыл облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарын ұлт денсаулығына және жас ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін бұл мәселеге бейжай қарамауға шақырады.

Бірлесе әрекет ету арқылы есірткінің таралуының алдын алып, қоғамның саулығын сақтай аламыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Jimmie Бүгін, 02:08

    Wir bewerten die Breite und Qualität der Casinospiele, einschließlich virtuellen Spielautomaten (Slots), Tischspielen wie Blackjack
    und Poker, Live Spiele mit Geber (Dealer/Croupier) und mehr.
    Hier findest du ausführliche und objektive Bewertungen der führenden Online-Casinos
    auf dem deutschen Markt. Mit den neuesten Online Casino Boni und Bonuscodes halten wir dich auf Deutschlandcasinos.org ständig auf dem Laufenden, indem wir täglich neue Casino Bonusse hinzufügen. Neue Spieler im
    Zoome Casino können einen fantastischen 120% Bonus von bis zu 1000 EUR bei
    einer Mindesteinzahlung von 20 EUR genießen, plus eine aufregende Zugabe
    von 120 Freispiele.
    Bei einem 100%igen Casino Matchbonus von bis zu 300 Euro wird dein Deposit beispielsweise verdoppelt. An den Prämien der Spielanbieter scheiden sich nicht nur die Geister, sondern es zeigt sich auch die Qualität und die Fairness der Portale. Mit Sic Bo, Baccarat, Caribbean Stud, Casino- und Texas Holdem oder Three Card Poker werden weitere Klassiker live abgedeckt. Die beiden Klassiker geben live mit riesigem Abstand den Ton an. Für lockere Spielunterhaltung sorgen zudem die virtuellen Sportspiele, beispielsweise Pferde- und Windhunderennen. Spielautomaten, Tisch- und Kartenspiele und die Video Poker Games sehen wir im Online Casino Test als die Hauptspiel-Gruppen.

    References:
    https://online-spielhallen.de/beste-online-casinos-deutschland-top-10-nov-2025-
    2/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.