СҚО-да бір айда есірткімен байланысты 17 құқық бұзушылық анықталды

СҚО-да бір айда есірткімен байланысты 17 құқық бұзушылық анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өткен бір ай ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 17 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Маусымның 1-нен қазанның 30-ына дейін өңірде «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бірінші айдың қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары шамамен 2 келі есірткі затын тәркіледі, оның 250 грамы — синтетикалық есірткі. 

Жұмыстың бір бағыты — құрамында есірткі бар өсімдіктерді пайдалануға қарсы күрес. Іс-шара барысында өңір тұрғындарына жабайы қарасораны жою қажеттігі туралы 780 ескерту тапсырмасы берілді. Бұл талаптарды орындамағаны үшін 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Күштік тәсілдермен қатар полицейлер Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды профилактикалық науқан өткізді. 26 мамыр мен 26 маусым аралығында 102 іс-шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. 

2025 жыл ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан Профилактика жылы деп жарияланды. Полицейлердің пікірінше, қылмыс деңгейін төмендету ғана емес, балаларды, жастарды, отбасыларды нашақорлық атты қауіпті дерттен қорғау тек саналы, жүйелі және түсінікті алдын алу жұмысы арқылы мүмкін. 

ҚР ІІМ жүзеге асырып жатқан «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы — бұл тек қылмыстық істер мен баптар емес. Есірткімен күресте заманауи қазақстандық полиция жазалау шараларымен ғана шектелмейді, керісінше, диалогқа, сенімге, профилактика мен ашықтыққа басымдық береді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-bir-ajda-esirtkige-qatysty-17-quqyq-buzushylyq-anyqtaldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.