«Заң және тәртіп керуені» акциясы Петропавлда басталды
https://youtube.com/shorts/xUhG3LnYyCw?feature=share
Петропавл қаласында ауқымды республикалық «Заң және тәртіп керуені» акциясы бастау алды. Бір аптаға созылатын іс-шара барысында прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, сұрақтарына жауап беруде.
Қаладағы халық көп шоғырланатын орындарда – «City Mall», «Аврора» сауда орталықтары, «Береке» шағынауданындағы «Северный» дүкені, Оқушылар сарайы, Теміржол вокзалы алаңы – құқық қорғау органдарының мобильді топтары орналасқан. Күндізгі жұмыс уақыты ішінде олар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына кең көлемде құқықтық кеңес беріп жатыр.
Көші-қон заңнамасы, автокөлікті тіркеу, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу – азаматтар көтеріп жатқан мәселелердің бір бөлігі ғана.
Бұл акция «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп жатыр. Негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық тәртіп пен құқық қорғау қызметінің беделін арттыру, азаматтарға заң көмегін көрсету және құқықтық сауаттылықты көтеру.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]