Жамбыл облысында тактикалық көпсайыстан республикалық турнир аяқталды

Жамбыл облысында тактикалық көпсайыстан республикалық турнир аяқталды

Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөліністері арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Ауыспалы кубогына арналған тактикалық көпсайыстан республикалық жарыс аяқталды. 

Турнир Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы облыстық Полиция департаментінің оқу-жаттығу полигонының базасында өтті. 

Төрт күнге созылған тартысты бәсеке барысында еліміздің барлық аймақтарынан келген 19 команда төтенше және сын-тегеурінді жағдайларға тән нақты жағдайларға барынша жақын бірқатар сынақтардан өтті. 

Полицейлер іс-әрекеттің әсерлі үйлесімділігін, әртүрлі қару-жарақтардан дәл ату бойынша кәсіби дағдыларын, төзімділік пен жоғары моральдық-психологиялық дайындықтарын көрсетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Ұлытау облысы Полиция департаментінің командасы иеленді. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері табан тіреді. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің командасы арнайы мақсаттағы бөліністер арасындағы тактикалық көпсайыстан республикалық турнирдің чемпиондары атанды. Оларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Ауыспалы кубогы табыс етілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.