Полицейлер профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмаған балалармен кездесу өткізді

Полицейлер профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмаған балалармен кездесу өткізді

Петропавл қаласының полиция басқармасында профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдермен кездесу өтті. Балалармен өткен кездесуге қалалық полицияның жетекші бөліністерінің, прокуратураның, білім бөлімінің, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қызметкерлері қатысты.

Іс-шара Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Асылбек Тоқтамысовтың жетекшілігімен өтті. Ол кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу тұрақты бақылауда екенін, сондай-ақ профилактикалық жұмыстар күн сайын барлық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілуі қажет екенін атап өтті.

Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Жанат Мұстафина жиналғандарға кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын теріс қылықтар үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы еске салды. Бұдан бөлек, есірткіні, әсіресе, оның синтетикалық түрлерін қолданудың салдары қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтты. Тәртіп сақшылары есірткімен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын айтты. Есірткі қылмыстары үшін 7 жылдан басталатын мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Кездесудің өтуіне бастамашылық білдірген полицейлер жасөспірімдерді буллингке жол бермеуге, интернет-алаяқтық фактілерінде дроппер болмауға шақырды, сонымен бірге қорқытып алу және басқа да қылмыстарға қатыспауға кеңес берді, олардың қаупі жайлы айтты. Кездесу соңында полицейлер терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарлар үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін де еске салды.

Кездесу барысында балаларға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы әлеуметтік бейнеролик көрсетілді және ювеналдық полиция бөлімшесі, білім бөлімі, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның өкілдері әрқашан байланыста екені айтылды. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив