СҚО полицейлері мен консультативтік-кеңесші орган белсенділері 2025 жылға жоспарларын талқылады
СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның биылғы жылдың алғашқы отырысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды және алдағы 12 айға басымдықтар анықталды.
ККО төрағасы Жасұлан Ахметов өткен жылда тоғыз мәселе қарастырылғанын және жұртшылықтың ұсыныстары ұдайы бақылауда екендігін атап өтті. Мәселен, мектептердің маңына жасанды бұдырлықтар қою туралы шешім орындалды.
2025 жылғы негізгі тақырыптардың бірі — учаскелік полиция пункттерін жабдықтау, нашақорлық пен ұрлыққа қарсы күрес, жол инфрақұрылымын жақсарту. Қоғам белсенділері жол қауіпсіздігі мәселелерін кеңінен талқылауды ұсынды, оның ішінде автотұрақтар мен апаттық-қауіпті учаскелердің жағдайы да бар.
Сондай-ақ, полиция бөліністеріндегі заңдылық туралы да сөз болды. СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы «Integrity check» механизмі бойынша адалдығына бір жылда 140 астам қызметкер тексерілгенін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов ККО -қоғам мен полицияның маңызды диалог алаңы, полиция ашықтығының сенімді құралы екенін атап өтті.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]