Есірткі үшін жаза қатаңдатылды: жамбылдық полицейлер жаңа заңның өзгерістері туралы түсіндірді

Есірткі үшін жаза қатаңдатылды: жамбылдық полицейлер жаңа заңның өзгерістері туралы түсіндірді

2025 жылдың 3 наурызында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енген түзетулер күшіне енеді.

Өзгерістер топтамасы туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында егжей-тегжейлі айтып берді.

Заңда есірткі дайындауға, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың есірткі дайындауына, қайта өңдеуіне және өндіруіне қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алғаш рет әсері күшті заттардың, сондай-ақ есірткі дайындауда қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлардың контрабандасы үшін қарастырылған болатын.

Сонымен қатар, есірткіні жасырын орынға қоюшылар үшін жаза аздап жеңілдетілді.

Ауырлататын мән-жайларсыз бірінші рет қылмыс жасаған кезде, мүлкін тәркілеуді сақтай отырып, жаза 5-8 жылға (бұрын 5-10 жыл) бас бостандығынан айыруға дейін төмендетілді. Бұл, егер адам есірткіні аз мөлшерде сатқаны үшін айыпталған жағдайда ғана қолданылады.

Есірткі затын ірі мөлшерде өткізгені үшін - 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін), аса ірі мөлшерде - 7 жылдан 12 жылға (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін) дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Статистика көрсеткендей, есірткіні жасырын орынға қоюшылар негізінен алғаш рет заң бұзған жастар. Олар есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың құрбанына айналады. Сондықтан оларға ертерек бостандыққа шығуға және жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріледі.

- Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауаптылықтың неғұрлым әділ жүйесін құруға, сондай-ақ есірткі бизнесінің жаңа көріністеріне қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік береді деп сенеміз, - деп сөзін түйіндеді Асқар Жұмабеков.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.