СҚО-да полицейлер "инвестициялармен" немесе "акцияларды сатып алумен" байланысты интернет-алаяқтықтың қауіптілігі туралы ескертеді
Петропавл тұрғыны инвестициялық компанияның жарнамасына сеніп, барлық жинақтарын пайдаланды, таныстарынан ақша қарызға алып, 8 миллион теңгесін "инвестицияға салған". Ақша бірден алаяқтардың қалтасына түсті. Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуде.
Бұндай жағдайлар көптеп кездеседі. Алаяқтар адамдарды "биржалық ойынға" немесе белгілі фирмаларға инвестиция салғаны үшін дивидендтер түрінде тез пайда табуға уәде береді.
Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алуды үнемі жүргізеді. 13-15 тамыз аралығында прокуратураның үйлестіруімен бұл жұмыс "Аnti-fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде күшейтілді. Қалалық ПБ-ның "Киберпол" жедел бөлімшелері халық көп жиналатын орындарда жадынамалар таратады, еңбек ұжымдарымен кездесулерде интернет-алаяқтық схемаларын түсіндіреді. Бүгінде "Қызылжар су" ЖШС қызметкерлері мен "Океан" сауда үйінің жанындағы базарға келушілер полиция мен прокурорлардың аудиториясына айналды.
"Қызметкерлер еске салады: ешкімге өзіңіздің құпия деректеріңізді сеніп тапсыруға, бейтаныс қосымшаларды орнатуға болмайды, ресми арналар арқылы қаржыға қатысты кез-келген ақпаратты тексеру қажет, — дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. - Сондай-ақ EGOV жеке кабинетінде банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту қызметін пайдалануды ұсынамыз".
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]