Елордалық полиция басшысы ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтардың көптеп келуіне байланысты қоғамдық орындарда, көшелерде, сондай-ақ мәдени шаралар өтетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қолға алынды.
ШЫҰ саммиті кезінде ешқандай оқыс оқиға орын алған жоқ.
Бүгін Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде адал қызмет атқарып, қоса берілген күштердің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттады.
Қызметтік міндеттерін адал атқарған тәртіп сақшылары Полиция департаменті бастығының құқығымен медаль, грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
3 пікір