СҚО полицейлері қарашаның үшінші онкүндігінде күшейтілген түрде қызмет атқарады

СҚО полицейлері қарашаның үшінші онкүндігінде күшейтілген түрде қызмет атқарады

https://youtu.be/KCsmZsb2d7U 

20 қарашадан бастап солтүстікқазақстандық полиция қызметтің күшейтілген түріне көшті: ІІМ бастамасымен елімізде 10 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның ерекшелігі: полиция қызметкерлерімен бірге «Amanat» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық, волентерлар, пікір білдірушілер мен блогерлер белсенді қатыса отыра, тексеріске шығады.

Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөліністерінің қызметкерлері де тартылуда. Мобильді топтар жасақталды. Қоғамдық орындармен қатар елді мекендердің шеткі жақтарында патрульдеу күшейтілді. Операцияның лейтмотиві: кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік. Басты назарда – ішімдік ішу және масаң күйде қоғамдық орындарға бару, темекі шегу, ұсақ бұзақылық, ортақ қолданатын орынды ластау, тыныштықты бұзу. Учаскелік инспекторлар полицияда есепте тұрғандардың тұрғылықты жерлерін тексереді. 

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күні СҚО Тимирязев ауданындағы дәмханалардың бірінен полицейлер заңсыз айналымнан алкоголь өнімдерін тәркіледі. Дәмхананың иесіне қатысты әкімшілік материал жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.   

Сондай-ақ, бірінші күннің қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қайта құқық бұзған Петропавл қаласының 27 жасар әйел адамы анықталды. Ол бұған дейін де алкогольдік масаң күйде бірнеше рет отбасылық жанжал шығарып көзге түскен. Сот оның тәртібіне қатысты ерекше талаптар белгілеумен, 6 ай мерзіміне алкоголь ішуге тыйым сала отыра, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды тағайындады.

СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, «Құқықтық тәртіп» шеңберінде жеке құрам құқық бұзушылықты анықтай отыра, оның санын арттыруға бағытталмаған, керісінше жедел жағдайды жақсартып, өздерінің құзыреті шеңберінде халыққа көмек көрсету болып табылады. Партия мүшелері және жұртшылықтың қатысуымен жасақталған мобильді топтар кәмелетке толмаған балалар, сонымен қатар отбасылық жанжалмен көзге түскен мүшелері бар тұрмысы төмен отбасылар тексерілуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісінде де патрульдік полицейлер жеке жоспар бойынша қызмет атқаруда.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметі бойынша биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда орын алған қылмыс саны 18%-ға, көшеде жасалған қылмыс 12%-ға азайған. «Құқықтық тәртіп» операциясы 30 қарашада аяқталады. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.