СҚО полицейлері прокурорлармен, әскери полициямен бірге азаптауға қарсы іс қимыл мен заңнаманың жаңа өзгереістерін талқылады
Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаға енгізілген өзгерістерді солтүстікқазақстандық полицияның тергеушілері мен анықтаушылары тәжірибие барысында белсенді қолданып келеді. 21 қыркүйек күні өткен «дөңгелек үстелде» полицейлер заңнаманың жаңашылдықтарын облыстық прокуратура мен әскери полицияның тергеу және анықтау бөліністерінің қызметкерлерімен талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.
Тергеу әрекеттері хаттамасының қысқаша түріне көшу жиында қаралған маңызды сұрақтардың бірі болды. Енді хаттамада тек жалпы ақпарат көрсетілетін болады, ал жәбірленушілер мен күдіктілердің берген жауаптары егжей-тегжейлі бейнежазбаға түсіріліп алынады. Бейнематериалдың мазмұны хаттамада қайталанбайды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, аталмыш өзгеріс жұмысты шамамен 5 есеге жылдамдатады. Ең бастысы тергеу барысында заңсыз әдістерді қолданудан сақтандырады.
Сондай-ақ «дөңгелек үстелге» қатысушылар бірқатар қылмыстар үшін көзделген жауакершіліктің қатаңдатылуын талқылады. Бұған азаптау, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, қылмыстық топпен жасалған бұзақылық, ерекше жауыздықпен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру және бандитизм кіреді. Аталған қылмыстар үшін жаза мерзімі ұзартылды, көптеген құрамдары бойынша татуласу және шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталды. Бұдан бөлек, отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің күшейтілуі сөз болды.
«Заңнамадағы соңғы өзгерістер қылмыстық қудалауға тартылған адамның конституциялық құқықтарын сақтау бағытталған, — дейді СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Сергей Табарин. —Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік органдарды цифрландыру туралы бастамасының бір бөлігі ретіндегі қылмыстық процесті цифрландырудың, жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтудің басты мақсаты: құқықтық тәртіпті нығайту және құқықтық мемлекеттегі адамдардың қорғалуы арттыру».
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір