СҚО тергеушілері мен анықтаушылары сот төрелігінің үш сатылы моделіне көшу жөнінде кеңес өткізді
2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда қылмыстық іс жүргізудің үш деңгейлі моделіне көшудің келесі кезеңі басталады. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембиннің төрағалығымен өткен семинарда алдағы кезеңдегі өзгерістер талқыланды. Аудандық полиция бөлімдері бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды. Тәртіп сақшылары сот төрелігінің тиімділігін арттыруға бағытталған алдағы өзгерістердің негізгі тұсын талқылады. Үш деңгейлі модель аясында кідірулер жойылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру уақыты қысқартылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру тәртібі барынша жеңілдетілді (әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге ұқсас).
«Тергеу, прокуратура және сот арасындағы процедураларды теңгерімді бөлу, негізсіз немесе заңсыз шешімдер қабылдау қаупінен қорғай отыра, құқықтың қорғалуына тосқауыл болады», - деп атап өтті Еңбек Сембин. - Кезеңдердің әрқайсысы іс сотқа түскенге дейін сүзгіден өткізу қызметін атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, үш деңгейлі жүйе полиция жұмысының сервистік моделіне көшумен үндес, азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға ықпал етеді. Үш сатылы модельге көшу аясында ағымдағы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті 11840 шешім қабылдап, оның ішінде прокуратура органдарымен 10610 шешім немесе жалпы санының 89,6%-ы келісілді, бұл өте жоғары нәтиже болып табылады».
Барлық қажетті ұсыныстар алдын ала аумақтық бөліністерге жіберілді. Жұмыс мәжілісінде облыстың тергеушілері мен анықтаушылары барлық мәселелерді талқылап, заңнамадағы жаңалықтар мен алдағы процессуалдық өзгерістерді жан-жақты қарастырды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында күшіне енген рақымшылық туралы Заңның тұстары да қарастырылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
35 пікір