ІІМ-де көше қауіпсіздігі талқыланды
ІІМ-де Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, индустрия және инфрақұрылымдық даму, мәдениет және спорт министрліктерінің және күзет ұйымдары қауымдастығының өкілдері Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын талқылады.
Азаматтар орындарындағы жиі болатын құқықтық тәртіп азаматтардың қауіпсіздік сезімін қалыптастыратын негізгі индикаторлардың бірі саналатыны белгілі. Сол себептен кездесуге қатысушылар көшелерде және басқа да қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін жан-жақты қарастырды. Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту жөнінде шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Осы шаралардың қатарында проблемалық-бағдарланған талдау негізінде, оның ішінде азаматтардың белсенді қатысуымен қызмет атқарудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу сияқты маңызды шаралар бар.
Күзет ұйымы қауымдастығы бұл жұмыста азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауда полицияға жәрдемдесу үшін жеткілікті ресурстық базасы бар күзет ұйымдарының әлеуетін пайдалану жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді.
Сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде мектептерде қауіпсіздікті күшейту бойынша шаралар қолға алынды. Бұл мәселеде қылмыстың алдын алу тәсілдеріне ерекше мән берілді. Өйткені ғимараттардың дизайны, ландшафт және сыртқы қоршаған орта көпеген айла-тәсілдің орындалуына кедергі келтіруі мүмкін деген болжам айтылды.
Бейнебақылау камераларын көбейту, өңірлерде көше жарығын орнату, сондай-ақ халықтың демалу орындарында қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігі егжей-тегжей сөз болды. Жалпы, кеңеске қатысушылар әзірленіп жатқан тұжырымдама шеңберінде бірлескен дайындық шараларының маңыздылығын атап өтті.
[xfvalue_img]