БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы өкілдерімен кездесті
БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысы Нұрлан Қажғановтың төрағалық етуімен ҚР ІІМ БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін террористік қауіп-қатерден қамтамасыз ету, объектілерді заманауи техникамен, күзет құралдарымен жабдықтау, күзетілетін объектілерге заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу, инженерлік техникалық нығайтылуы мәселелері бойынша қызметтік кездесу өткізілді.
Кездесуге БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері және БҚО бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары, облыстық соттың кеңсе меңгерушісі мен бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында облыс соттары ғимараттарының инженерлік техникалық нығайтылуы, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу мәселелері бойынша қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, проблемалық мәселелер талқыланды.
Талқылау нәтижесі бойынша кездесу қатысушыларымен орын алған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта бұл бағытта тығыз байланыста жұмыс жасау үшін қажетті шаралар тізімі жасақталды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]